Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 10 Июля 2018 10:28, Просмотров (2000), Печать

    Қалың қалай, ЖЗШ?

     

    Бүгінде еліміздің біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 10 миллионнан астам жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ)  шоғырланған.  Олардың жай-күйіне алаңдаушылық  - барлық салымшылар мен алушыларға тән құбылыс.   Зейнетақы жинақтарының ахуалы туралы азаматтарды құлақтандыру – зейнетақы қорының басты міндеттерінің бірі. Ал қазақстандықтар өз зейнетақы шоттарының жағдайы туралы қалай біле алады? Бұл туралы БЖЗҚ мамандары 20 маусым күні бүкіл республика бойынша өңірлік филиалдарда өткен Ашық есік күні әңгімелеп берді.  Қор өкілдерінің айтуынша,  қазір  көрсетілетін қызмет түрлері  дәстүрлі әдістермен шектелмейді.  Мысалы,  бұрын жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу үшін Қор кеңсесіне барып өтінім жазу немесе пошта байланысымен пайдалану керек болатын.  Соңғы жылдары  салымшылар мен алушыларға қолайлы болу үшін көптеген электрондық қызмет түрлері енгізілген.  Ал электрондық үкіметтің арқасында  қашықтықтан қызмет көрсету  мүмкіндіктері кеңейе түсті. 

    Біз бүгін оқырмандарымызды олармен кеңірек таныстырып өтпекпіз. Алдымен дәстүрлі қызмет көрсету түрлеріне тоқталайық. Біріншісі – Қор кеңсесіне барып тікелей қызмет алу. Бұл үшін Қазақстан бойынша 218 бөлімше жұмыс істейді. Жеке куәлігіңіз немесе шетелдік төлқұжатыңызды көрсетіп, тиісті қызмет түрін алуға болады.  Өзіңіздің орныңызға сенімді өкіліңізді де жібере аласыз.  Тиісінше ол жеке құжатымен бірге нотариалды бекітілген сенімхатыңызды, құжаттарыңыздың көшірмелерін ала баруы керек. Пошта арқылы қызмет көрсету түрін таңдаған салымшыларға БЖЗҚ көрсетілген мекен-жай бойынша жылына бір рет жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама таратады. Алайда қоныс аударған кезде  азаматтардың көпшілігі жаңа мекен-жайы туралы ескертуді ұмытып кетіп жатады.  Сондықтан бұл тәсіл салымшылар  үшін қолайлы деу қиын. Тіршіліктің барлық салалары цифрландыруға бет бұрған заманда ақпарат алудың электрондық тәсілдері қарқынды дамуы заңдылық.   Бұл салымшылар үшін де, Қор үшін де ыңғайлы. Алғашында   салымшыларға ақпарат   электрондық пошта  арқылы таратылды. Хабарландырудың бұл тәсілі әлі де кең қолданыста. Ол үшін азамат немесе оның сенімді өкілі БЖЗҚ кеңсесіне барып, құлақтандырудың аталмыш әдісін таңдайтыны туралы өтінім жазуы тиіс. Қажетті құжаттар тізімін жоғарыда атап өттік.  Заманауи технологиялардың дамуы бір орнында тұрған жоқ. БЖЗҚ қызметтерінің аясы да уақыт талабына сай кеңейе түсуде. Мысалы, бүгінде ЖЗШ туралы ақпарат Қордың сайтында қолжетімді.  Оны пайдаланудың екі түрлі әдісі бар:   қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы (қолтаңба «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясында рәсімделеді)  немесе тіркелген логин (жеке сәйкестендіру номері - ЖСН) арқылы. Сайтта  тіркелмес бұрын  азамат БЖЗҚ бөлімшесіне барып,  бұл хабарлау тәсілін таңдайтыны туралы өтінім жазу керек.  Сонымен қатар, сайтта электрондық цифрлық қолтаңба арқылы «жеке кабинет» ашуға болады.    

    Айта кетерлігі, «Жеке кабинетпен» қолданушылар қатары артып келеді.  Сайтта ЭЦҚ арқылы авторизация жасағандар  міндетті зейнетақы жарналарына арналған жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы, зейнетақы төлемдерін белгілеу туралы  өтінім беріп; өзіне қатысты қосалқы  мәліметтерін, ақпараттандыру әдісін өзгерте алады. 

    Смартфон, планшет, жеке компьютерлері барлар арнайы мобильді қосымшамен пайдалана алады. Авторизация БЖЗҚ сайтына кіру үшін қолданылатын  логин мен құпиясөз арқылы жасалады. Қосымша арқылы ЖЗШ жай-күйін қадағалап қана қоймай, зейнетақы жүйесі туралы көптеген пайдалы ақпарат алуға болады.  

    Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы білу үшін EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталына да жүгінуге болады. Бұл үшін «Азаматтарға» санатының «Әлеуметтік қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөліміне кіру керек. Бір ғана талап –  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы   ЭЦҚ рәсімдеу немесе бір мәртелік құпиясөз қолдану.

     БЖЗҚ электрондық сервистерді одан әрі жетілдіре бермек. Қазіргі таңда Қор операцияларының жартысынан астамы қашықтықтан жүргізіледі. Корпоративтік даму стратегиясына сәйкес 2021 жылға қарай олардың үлесін 60 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

     

     

    қайта оралу

     

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida