Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 22 Февраля 2023 11:19, Просмотров (2638), Печать

    ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚарЛаг

     

    40-жылдары Долинка кентіне 37 мың тұтқындар мен 8 мың жалданушылар келіп орналасты. Бұрын ұстаздық еткен Болдиннің айтуынша жөндеу механикалық зауыты –механикалық, құю, электроцех, бас механиктің цехы, мұнай жүргізгішті жөндеу бойынша цех барлығы салынып болған болатын.  Соғыстың басталуы жылдамдатуды талап етті. Ескі шеберханалардан жабдықтар көшірілді. М-50 минасын шығару керек деген тапсырма алды. Жедел кезекте корпус асты тасқындық желілеріне арналған операциялық жонғыш білдектердің кескіндерін өңдей бастады.  Кейін 10 мың мина шығарылды. Олардың корпустарын құю цехінде құйып алды, жонғыш білдектерде өңдеді. Миналардың шоғырлығы мен жарқыншақтығының сапасын тексеру үшін Оралға жіберді. Сапасы жақсы екені дәлелденді.

     

    Жаулар Мәскеуге ұмтылғанда, Қазақстанда құралған кавалерлік дивизияға шұғыл қылыштар қажет болды. Зауытқа жедел  түрде 800 қылыш жүздерін дайындау тапсырмасы берілді. Алайда, металды қайдан алады? Жүздер серпілуді қажет етеді. Сынған автокөлік рессорлары мен вагондардан 800  дана соғып шығарды, ұзына бойлы науашаны зімпара шарығында жасады, жүзге арналған саптарын орталық Қарабас ағаш өңдеу шеберханасында істеді. Жүздер сапалы деп танылып, әскери басқарушылыққа қабылданды.

     

    М-50 миналарын дайындап үлгермей жатқанда, М-82 миналарын жасау туралы тапсырма келді. Миналарды меңгеру мен шығаруды асықтырғанмен, жоспардың үшінші айында жасап шығару жоспары толық орындалмады, тек төртінші айда цех жылдам түрде жұмыс істей бастады. Жоспарды орындау үшін көп жұмыс істеу қажет болды, ал зауыт әрқашан артығымен алып отырды. Басында айына 5 мың мина, келесіде 10,20,30,40 мың... Сөйтіп, айына 40 мың мина, одан бөлек соғыстың соңына дейін жоспармен істеді. Жалпы алғанда, зауыттан фронтқа 500 вагон М-82 миналары жіберілді.  

     

    Соғыс уақытында бензиннің жетіспеушілігі болды, зауытта автокөлік қозғалтқыштарын газагенераторға ауыстыратын құрылғыларды шығара бастады, ақырында 1000-нан астам автокөліктерге табыстау қораптары жиналды. Сол уақытта, зауыттың құю цехі ТН-15, ТН-20 жону-бұрама кескіш білдектерге, сүргілеу, бұрғылау білдектерге арнап тұғырлар құйды, СТЗ тракторларына блок бастарын және басқа да өнімдерді дайындады.

     

    1944 жылдың қыркүйегінде ҚарЛАГ НКВД басқармасының бастығы, мемлекеттік қауіпсіздіктің подполковнигі Соколов ГУЛАГ НКВД-ның бастығы, КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздігінің III рангті подполковнигі Наседкинға «Баяндаухат» жіберді.Ол «Общий патриотический подъем всего советского народа в разгроме немецких захватчиков неизбежно затронул здоровую часть лагерного населения»- деп жазады. 1944 жылдың 1-тамызында ГКО қаулысы, НКО және КСР Одағының НКВД-ның бұйрығы, КСРО-ның Жоғары Кеңесінің Президиумының жарлығы бойынща 4892 адам мерзімінен бұрын босатылып, фронтқа жіберілді. Ал жалпы 6672 адам еді.Ары қарай бастық мезгілінен бұрын босату өрлеуге ұласты деп жазады. Ал фронттағы бұрынғы тұтқындар адал соғысып, ордендер мен медальдармен марапатталды. Оларды соттаудан бас тартты, басым бөлігі ВКП қатарына қосылды.

     

     

    қайта оралу

     

     

    .

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida