"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Опрос

    Архив
    Всего голосов: 14

     

     

    Последнее обновление: 11 Января 2018 16:25, Просмотров (486), Печать

    «Шахтинск ОКЖ» КММ 8 кітапханадан тұрады: Бұхар жырау атындағы Қалалық орталық кітапхана мен 7 кітапхана-филиалдары бар. Қала типті кенттерде орналасқан, олардың 2-уі модельдік кітапхананалар мәртебесіне ие, ал 2-уі дербес балалар кітапханасы, 4-уі  қалалық көпшілік кітапханалар.

     

    Кітапханалардың қоры 296969 бірлікті сақтайды, соның ішінде мемлекеттік тілдегісі-  40154 дана, басқа тілдегісі- 5085 дана.

     

     «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханалары ақпараттарды жеткізудің дәстүрлі емес қорын (146 CD және DVD саналатын) қалыптастырады.   

    «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханалары жыл сайын 18773 оқырманға қызмет көрсетеді, олардың ішінде 7890  15 жасқа дейінгі балалар.

     

    Жыл сайын кітапханалық құжаттар 376878 данасы қолға беріледі, оның 8193 данасы электронды түрде беріледі.  Электрондық ресурстарды 7426 көп адам пайдаланады.

     

    Компьютерлік тұрақта 58 машина бар. «Шахтинск ОКЖ» КММ барлық кітапханалары компьютерлендірілген.  

     

    «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханалары электронды каталогтарды құру бойынша белгіленген жұмыстарды жүргізеді,  көлемі 16925 библиографиялық жазбаларды құрайды.

     

     

    Қызметтің негізгі бағыттары:

     

    • ҚРҒК «Электронды мемлекеттік кітапханалық қор» жобасына қатысады.
    • Кітапханалық қызметтердің спектрі мен сапасын жақсарту және кеңейту;  Оқырмандардың мәдени құндылықтарға, ұсыныстарға, білімге, ақпараттарға қолжеткізуін қамтамасыз ету;  кітапханалық-ақпараттық ресурстарды әртүрлі тасымалдаушылар арқылы пайдалану.
    • кітапхананы пайдаланушының еркін әдеттерін қалыптастыру: ақпаратты бағалау және іріктеу, ізденіп оқу.
    • Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу негізінде кітапханаға ұсынылған мобильдік қызметтерді жетілдіру;
    • ҚОК корпоративтік торабында кітапханалар жүйесі жұмыстарын жетілдіру;
    • Кітапханалар жұмысына  бұлтты технологияларды енгізу;
    • Құрылымдық бөлімшелерді лицензиялық бағдарламалар өнімдерімен қамтамасыз ету және әрі қарай бағдарламалық өнімдерді енгізу;
    • Дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерді пайдаланумен оқырмандардың әртүрлі санаттағы топтарына арналған ақпараттық кеңістікті кеңейту (сайттардың, блогтапрдың қозғалыстарын, алыстағы база деректерін, Интернетті белсенді пайдалану, әлеуметтік желілерде жұмыстау, виртуальды сервисті пайдалану);
    • Мемлекеттік тілдегі сайт тұғырнамаларымен жұмыс, қазақ тілінде контент қалыптастыру;
    • Мамандарға жаңа технологиялармен жұмыстау ережелерін тереңдетіп оқыту;
    • Тегін интернет-ресурстарды пайдаланумен, е-кітап қорын қалыптастыру;
    • Оқуды, ақпараттарды тұтынатын жаңа оқырмандар топтарын қалыптастыру.
    • Аумақтарға кітапханалардың әсер ету ауқымын кеңейту;
    • Барлық құрылымдық бөлімшелер кітаптар мен оқуды насихаттау бойынша белсенді және әрекетті жұмыстау;  
    • ОКЖ барлық құрылымдық бөлімшелерінде кітапханалық кеңістікті ұйымдастыру және аймақтау бойынша жұмыс

     

     

            қайта оралу

     

     

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida