"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Опрос

    Архив
    Всего голосов: 136

     

     

    Последнее обновление: 18 Июля 2018 10:27, Просмотров (823), Печать

    Нұра-Тентек өзенінің саласының жағалауында кең етегін жайған Қарағанды обылысының қол астындығы қалалардың бірі- Шахтинск қаласы. Шахтинск қаласы 1961 жылы құрылған.

               

                     Шахтинск қаласында кеншілер қаласының белгісін көрсететін өз елтаңбасы бар.

     

    Шахтинск аумағының жері толық 0,2 мың. шаршы км. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша қала мен оған қарасты Шахан, Долинка, Новодолинский кенттерінің тұрғындарының жалпы саны 57,4 мың адамды құрады, экономикалық белсенді халық - 34685 адам, жұмысбасты – 33096 адам. Қазіргі таңда, Шахтинск аумағында 13862 жастар өмір сүреді. Шахтинск аумағының даму жетекшілігін қала әкімшілігі жүзеге асырады. Шахтинск қаласы 2012 жылы 20 наурызда өткен Қазақстан Республикасының Үкімет жиынында орта даму потенциялды моноқала ретінде белгіленді. 

     

    Қала Қарағанды қаласынан 50 км. жерде, Нұра-Тентек өзенінің салаларының бірінің жағалауында орналасқан.

     

    Қаланың пайда болуы Тентектік жоғары сапалы  кокстық көмір кен орынын игерумен байланысты. Зауыттар мен шахталар- қала дамуының экономикалық тірегі. Қаланың ірі кәсіпорындарының арасында: АО «АрселорМиттал Темиртау»:  «Шахтинская», «Казахстанская», «Тентекская», Ленин атындағы шахталар, «Объединенного машиностроительного завода» және  АО «АрселорМиттал Темиртау» арнап өнім шығаратын  «Горные машины» зауыт филиалы.  

     

    Металлургиялық өндірісті ТОО «Курылысмет» ұсынады- стандартталмаған құрылғыларды жасап шығару және кіші механизация , Шахтинск металлоконструкциялық зауыт, ТОО Технология- кәтел,түтікше, құрылыс металлоконструкциясы өндірісі, ТОО ТемирЛайн- жылу металлдық кәтелдер мен есіктер, ТОО «Дуваер» - бейметалл минералды өнімдерді өндіру, ТОО «Карагандинский кирпичный завод». Шектелген жауапкершілікті «Апрель - Кулагер» серіктестігі- ет және ет өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және консервілейтін ең үлкен кәсіпорын. Қаланы жылумен, сумен, электроэнергиямен қамтамасыз ететін кәсіпорындар:ТОО «Шахтинсктеплоэнерго», ТОО «Шахтинскводоканал».
     

    Экономика дамуының приоритетті бағыты кіші және орта бизнес болып табылады. 2015 жылы кәсіпкерлік ортада нақты өсім байқалды және кіші, орта бизнес субъектілері қала экономикасына елеулі үлес қосты.

     

    2016 жылдың 1  қаңтарында кіші және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 1848 бірлікке жетті.

     

    2015жылы кіші және орта бизнес субъектілерінің өндіріс өнімінің көлемі 5876 млн. тенгені құрады. Аймақтың кіші және орта бизнес кәсіпорындары экономиканың барлық сфераларында әрекет етеді. Шахтинск аумағында 165 сауда объектілері, 72 қоғамдық тамақтану объектілері, 44 қызмет көрсету саласындағы объектілері, 3 сауда базарлары, 8 АЗС және 26 дәріхана қызмет етеді.

     

    Шахтинск аумағында тұрғындар ауыл шаруашылығымен негізінде өздерінің жеке аулаларындағы бау-бақшалары мен  саяжайларда айналысады.  Әртүрлі бағыттағы 14 шаруа қожалығы бар. Аумақтағы мүлікті түгендеу нәтижесі бойынша 7 саяжай участогы бар екен, яғни 1960 жылдары салынған жалпы көлемі 200 га және 946 тастап кеткен жерлерде орналасқан. Қалалар мен кенттердегі саяжай ұстаушылар ерте көктемгі көкеніс өнімдерін өткізуді базарлар мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде жүзеге асырады. Соңғы жылдары мал шаруашылығы саласындағы құс пен мал басының артуында тұрақты серпінді өсу байқалады.   

     

    Индустриалды-инновациялық даму.  2015 жылы Шахтинск аумағы бойынша индустриализациялау картасына 4 инвестициялық жоба қосылды:

     

    • «Пилотная установка по выработке электроэнергии с использованием метана от дегазации» В.И. Ленин атындағы шахта УД АО «АрселорМиттал Темиртау».  2015 жылы  электроэнергияны өндіру көлемі 1982 мгВт, жалпы сомасы 17,4 млн.тг. болды.
    • «Производство горчичного масла» ИП Лобов В.М. 2015 жылғы өндіріс көлемі табиғи түрде 30 тоннаға  7,8 млн. тенгені құрады.        
    • «Расширение производства строительных материалов» ИП Матюхин. 2015 жылғы өндіріс көлемі табиғи түрде 30267 м.куб.-қа  190 млн. тенгені құрады.
    • «Изготовление брусчатки, строительных материалов, инертной пыли на базе простаивающих мощностей РГП "Енбек-Караганда" филиал №41" - ТОО «Кастроймарт 2050». 2015 жылға өндіріс көлемі 8 млн. тенге немесе 7,9 тыс. кв.м. құрады.

     

    Шахтинск аумағының білім беретін құрылымдарға кіретіндер: 13 жалпы орта білім беретін мекемелер, с.і. -2 гимназия-№№1,15., Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицей, 8-мектепке дейінгі мекемелер, 4-қосымша білім беретін-БЖО, БКСМ , БММ,  1-Шахан кентіндегі өнер мектебі, ҚАЖК мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектеп, мектеп аралық ОӨК(оқу-өндірістік комбинаты), хатшы-машинист, жүргізуші, шаштараз, автослесарь, тігінші, моторист, аспазшы, жұмысшы мамандарын үйрететін балаларды оқытуға арналған әртүрлі кәсіптік оқулар бар.  

     

    13 мекемеден №№9, 14 жалпы білім беретін мектеп, мектеп-лицей қазақ тілінде оқытса, №5 мектеп-гимназия қазақ және орыс тілінде де оқытады. Бұл Шахтинск аумағындағы тілдік деңгейдегі де, сандық та талаптарға сәйкес.

     

    Аумақта «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. «Еркетай», «Ботагоз», «Аленка» үш балалар бақшасы, №№№3,8,14,15 мектеп жанынан мини-орталықтар ашылып, 3-6 жастағы мектепке дейінгілердің оқуы мен тәрбиесін 95,2% дейін қамтып, алып жүруге мүмкіндік берді. 2015 жылы «Гүлдер» б/бақшасын пайдалануға беру жүз пайыздық көрсеткішке қамтамасыз етілді. Шахтинскінің 8 балалар бақшасынан: «Салтанат», «Аленка», «Снегурочка», «Ботагоз»- 4 б/ бақшалары 2013 жылғы аумақтық конкурс қортындысы бойынша Қарағанды облысы бойынша он үздіктер қатарына кірді.

    Қазіргі уақытта Шахтинск аумағында екі емдеу мекемесі қызмет етеді: «Қарағанды облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы Қарағанды облысы әкімдігінің «Шахтинск қ. Орталық ауруханасы» КМК, Қарағанды облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы Қарағанды облысы әкімдігінің «Шахтинск қ. емханасы», Шахан кентінің Отбасылық денсаулық орталығы. 

     

    Аумақта 72 ұлт өкілі (23,11-қазақтар, 55,02%-орыстар, 21,87 % басқа ұлттар) тұрады және 7 ұлттық-мәдени орталықтар бар.  Олар көптеген мәдени және қоғамдық іс-шаралардың бастамашыларына жатады.

     

    Шахтинск аумағында 14 мәдени мекемелер қызмет етеді: Олардың 1-Мәдениет үйі, Шахтинск қ. Долинка к. 1 филиал, Мәдениет үйлерінде 2 (Новодолинский к. МҮ мен Шахан к. МҮ), 1- «Барс» КГКП, стадион, демалыс және мәдениет бағы да кіреді, Бұқар жырау атындағы Қалалық орталық кітапхана мен 7 кітапхана-филиалдар, «Долинка к. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы» КГКП, Шахтинск қ. «Алая звоздика» еңбек және соғыс ардагерлерінің ұлттық хоры мен Шахан кенті Мәдениет үйі «Халықтық» халықтық рухани оркестрі-көркем өнерпаздардың екі ұжымы да құрметті атауларға ие.

     

    Шахтинск аумағында 76 спорттық орындар  жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең үлкені:  стадион (Шахтинск қ.  КГКП «Барс»); 20 спорт залдар; «Ягуар»  спорттық-сауықтырғыш комплексі (ИП Щербаков); 32 спорттық  алаңқай; 7 хоккей алаңы (олардың екеуі жасанды жабындымен жабылған). Шұғылданушылар спорттың 29 түрімен шұғылданады: Балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі мен Балалар мен жасөспірімдер орталығы жүзеге асыратын 11 олимпиядалық және 18 олимпиядалық  емес түрлері
     

     

    2015 жылдан бастап спорттық ғимараттар мен нысандардың материалдық-техникалық базасы жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жасалды. Спорттық құралдар мен жабдықтар сатылып алынды. (баскетбол, волейбол, футболь доптары, лақтыруға арналған доп, обручтар, секіргіш жіптер, гимнастикалық ат ағаш пен отырғыштар)

     

    Балалар мен жасөспірімдерді денешынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында, ал сондай-ақ олардың дене тәрбиесі мен денсаулығын арттыруға, екі оқу орнының базасында екі балалар мен жасөспірімдер спорттық клубы (БЖК) ашылды.

     

    Шахтинск қаласында спорт алаңқайларын орнату денешынықтыру мен спортпен айналысатындардың ауқымын кеңейтугемүмкіндік берді.  

     

    Қалада аттарға арналған «Мустанг» клубы ашылған.  Клуб жұмысы ұлттық ат спортының түрлерін дамытуға бағытталған, ал сондай-ақ Шахтинск аумағында балалар мен жасөспірімдерді атқа салт мініп жүруге үйрететін оқу бар. 

     

    Шахтинск қаласының бұқаралық ақпарат құралы  «Шахтинский вестник» қоғамдық-саяси газеті мен кабельді цифрлік жерсеріктік телевидениесі ТОО «Альтаир 2007» көмегімен ұсынылған.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    қайта оралу

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida