"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Опрос

    Архив
    Всего голосов: 60

     

     

    Последнее обновление: 10 Марта 2018 15:51, Просмотров (1109), Печать

    Құрылымдық бөлімшелерге консультациялық-әдістемелік көмек Бұқар жырау атындағы қалалық орталық кітапхана базасындағы  «Шахтинск ОКЖ» КММ қызметтерін әдістемелік алып жүрудің бірден бір қолданыстағы түріне жатады.

     

    «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесі Шахтинск ОКЖ КММ «Маман: білім, құзіреттілік, жаңашылдық» кадрлық жұмыстарын дамыту бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. 

     

    Жыл сайын кітапханашылардың жұмысына талап күшейтілуде. Сонымен қатар кітапханалардың кадрлық қызметтерін жаңа мамандармен жаңарту кезінде, мұнда арнайы мамандығы жоқ, кәсіби білімді қажет ететін қызметкерлер келеді.   Жаңа технологиядағы кітапханалық іс негізіндегі білім мен кәсіби біліктіліктің жетіспеуі пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасында білінеді. Осыған байланысты, кітапханаларға жұмыстың басқа саласынан келген қызметкерлерді алдын-ала кәсіби даярлау туралы мәселе туындайды. Сондықтан да мамандардың әдістемелік қызметтерінің маңызды бағыттарына жататындар: қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, біліктілік арттырудың жаңа түрін әзірлеу және енгізу, ақпараттық технологияларды дамыту және қозғалту, жаңа жобалармен жұмыс жасау, қызметкерлерді жаңа үдірістерге бейімдеу мүмкіндіктері.      

     

    Мақсаты:

     

    • Пайдаланушыларға кітапхангалық қызмет көрсетудің сапасын және нәтижесін арттыру мақсатында  (атқаратын қызметі, жұмыс өтілі, жасы, білімі тұрғысында);
    • кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, ақпараттық сауаттылығын арттыру;
    • аймақтың кітапханашылық мамандарының үздік жұмыстарын тәжірибеге енгізу және үйрену.

     

    Міндеттері:

     

    • ОКЖ әр қызметкері мен филиалдарының мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмыстың көбінесе тиімді түрлерін айқындау мен пайдалану (көпшілік, библиографиялық, маркетингілік).
    • ОКЖ жұмыстарына жаңашылдық енгізу. 
    • Қоғамға көрсететін қазіргі заманғы бұқаралық кітапханалардағы талаптарға сәйкес білімді, епті және кітапханалық мамандарды тарту;
    • Қазіргі заманға сай  кітапханалардағы қызметтердің өзекті бағыттары бойынша әртүрлі санаттағы кітапханалық мамандарды оқыту үшін мақсатты бағдарлама даярлау.    
    • Қызметкерлердің әр санаттағыларын оқытуға қажеттілікті анықтау.(кітапхана жұмыстарының үдірістерінде пайда болған мәселелердің диагностикасы).  

     

    Күтілетін нәтижелер:

     

    • Өз жұмыстарымызға басқа кітапхана-филиалдардың іс жүзіндегі тәжірибелерін жинақтау және енгізу.
    • Шахтинск аумағындағы мәдени кеңістікте кітапханалық қоғамдастықтың беделін, кітапханалардың кітапханалық мамандарының кәсіби деңгейін арттыру.
    • Кітапханалық мамандардың  қызметтік тәжірибеде жаңа ақпараттық компьютерлік технологияларды меңгеруін және ептілігін дамыту.  
    • Кітапхана мамандарының ең үздік жұмыстарының тәжірибелері интеграциясын келесі Интернет тораптарында көрсету: сайтта, әлеуметтік желідегі кітапханалық таптарда.

     

    Жарнамалық басылым жұмыстары:

     

    • «Библиопульс» газеті
    • «Шахтинский вестник» газетіндегі мақалалар

     

    Шахтинск ОКЖ КММ кадрлық жұмыстарын дамыту «Маман: білім, құзіреттілік, жаңашылдық»:

     

    I модуль  «Басшылар мектебі».

     

    Оқыту модулінің мақсаты:

     

    • Жетекшілердің кәсіби білімін, шеберліктерін, ептіліктерін жетілдіру.

    • Әлемнің үздік жаңашаланған кітапханалары мен жұмыс тәжірибелерімен танысу, жаңа технологияларын оқу.  

     

    Модератор: Бұхар жырау атындағы Қалалық орталық кітапхананың Кітапхана және кітапхана жұмыстарын дамыту бөлімінің меңгерушісі .

    Қатысушылар: кітапхана-филиалдардың меңгерушілері.

    Оқыту түрлері: Семинарлар, дөңгелек үстелдер, тәжірибелер, тренинглер,  квест-ойындар, конкурстар және т.б.  

     

    II модуль «XXI ғасыр кітапханашысы».

     

    Оқыту модулінің мақсаты:

     

    • Кітапханалардың қозғалыстарындағы кітап пен оқуға, соның ішінде виртуальды ортада,  жаңа әдістер енгізу;
    • ақпараттық мәдениетті арттыру мен компьютерлік техникаларды меңгеру;
    • кітапханалық мамандарға кәсіби үлгілеу технологиясын меңгерту;
    • ақпараттық қоғамдағы жұмысқа кітапханалық қызметкерлерді бағыттау;
    • әлеуметтік негізі бар жаңа жобаларды құру;
    • кәсіби білімдерін, шеберліктерін және тәжірибелерін өзара алмасу.

     

    Модератор: Бұхар жырау атындағы Қалалық орталық кітапхананың Кітапхана және кітапхана жұмыстарын дамыту бөлімінің меңгерушісі.

    Қатысушылар: абонементтердің қызметкерлері, қызмет көрсету бөлімінің оқу залдары.  

    Оқыту түрлері: Семинарлар, дөңгелек үстелдер, тәжірибелер, тренинглер,  квест-ойындар, конкурстар, жеке консультациялар және т.б.  

     

     

    қайта оралу

     

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida