Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новинки книг

    Последнее обновление: 12 Апреля 2024 17:10, Просмотров (36036), Печать

    Есенберлин І. Махаббат мейрамы: роман / І. Есенберлин; сурет. М. Кумеков. – Алматы: Кн. клуб, 2023. – 252 б.

    Романда жас сәулетші Еркебұлан мен студент қыз Жұлдыздың адал да кіршіксіз махаббаты, бақытқа жету жолында бастарынан өткізген қиындықтары туралы баяндалады. Көпшілік оқырманға арналған кітап.




    Есенберлин І. Аққу құстар: роман / І. Есенберлин; сурет. М. Кумеков. – Алматы: Кн. клуб, 2023. – 268 б.

    Романда автор кеңес кезеңіндегі әуенді Алма-Атаның шығармашылық өмірін бейнелейді. Опера театры мен филармония ұжымындағы өзара қарым-қатынас, ықпалдастық, әншілер мен композиторлардың тағдыры сөз болады. Романды оқыған оқырман көптеген қызықты қақтығыстарға куә болады, жаңа кейіпкерлермен танысады. Көпшілік оқырманға арналған кітап.




    Момышұлы Б. Москва үшін шайқас. Офицердің жазбалары / Б. Момышұлы. – Алматы: Кн. клуб, 2023. – 380 б.

    Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романы – қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбына жазылған алғашқы шығарма, әскери мемуар. Автор шығарманы баяндаушы ғана емес, оқиға ортасында жүрген бас кейіпкер. Соғыс кезіндегі адамдар мен табиғаттың қасіретті суреттерін шынайы көркемдікпен жеткізеді.




    Бегманов, Қ.Құланиек, құба таң: таңдамалы жыр кітабы / Қ. Бегманов. – Алматы : Мерекенің баспалар үйі, 2023. – 480 б.

    Қазақтын көрнекті ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты Қасымхан Бегмановтың «Құланиек, кұба таң» атты бұл кітабына әр жылдары және негізінен соңғы уақытта жазған жаңа жырлары, толғаулары, дастандары, поэтикалық драмалары еніп отыр. Ақын өлеңдерінде туған жердің таңғажайып суреттерін шынайы сезіммен, сартапты сағынышпен жырлайды. Өзінің колтаңбасы қалыптасқан талантты ақын Қасымхан Бегмановтың бұл кітабынан оқырман көңілінінен шығатын сырлы жырлардың ішкі терең иірімдерін айқын сезінері анық. Кітап көпшілік оқырманға арналған.    




    Кинг С. Жасыл миль : роман / С. Кинг ; ағыл. тіл. ауд. М. Сембайқызы. – Астана : Фолиант, 2023. – 376 б. – (Үздік шетел әдебиеті) .

    Танымал американдық жазушы Стивен Кинг бұл романында оқырмандарды Луизиана штатында орналасқан Суық Тау түрмесіндегі сұмдық оқиғалардың куәсі болуға шақырады. Өлім жазасына кесілгендерді жазалауға арналған Олд Спарки электр орындығына апаратын дәлізді тұтқындар Жасыл миль атап кеткен. Түрме бақылаушысы Пол Эджкум мен басқа күзетшілер кей жағдайлардың біз ойлағаннан әлдеқайда басқаша екеніне көзі жетеді. Кейде темір тордың арғы жағындағы қылмыскердің адамгершілігі кәдуілгі адамнан артық болуы мүмкін. «Е» блогындағы тұтқындар үшін ажал өмірдегі барлық қайғы-қасіреттен арылудың жалғыз жолы болып қалады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

     




    Страницы: 1 2 3 4 5

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida