Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    Қазақ халқының ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған «Мен елімнің қыранымын, мен елімнің ұранымын» атты әдебиеттік-портрет өткізілді.


    24 ақпанда 2016 ж. №2 кітапхана-бөлімшесінде №9 ЖББМ 9 сынып оқушылар үшін қазақ халқының ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған «Мен елімнің қыранымын, мен елімнің ұранымын» атты әдебиеттік-портрет өткізілді.

     

    Жүргізуші жасөспірімдерге құдіретті жырларымен халықты әрдайым тамсандырған сазгер, айтыскер, жыр алыбы және екі дәуірдің куәсі болған ұлы жырау туралы баяндама оқыды.

     

     

    Кештің қонақтары алғыр, тапқыр, әзіл-оспаққа бейім, зерделі Жамбылдай таланттың қазақ және әлемдік тарихы мен мәдениетіне қосқан шығармашылық үлесі туралы көптеген мәліметтер алды.

     

    Іс-шара барысында ақынның «Менің өмірім», «Шағым», «Әкеме», «Сарыбайға» деген өлеңдерінің үзінділері оқылды.

     

    Кездесу соңында кітапханашы оқушылармен бірге «Жамбыл Жабаев мұражай-үйі» бойынша виртуалдық саяхат жасады. 

     

    Жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевқа арналған шығармашылық кездесу жағымды ортада жастарға солиқалы ой салатындай мазмұнды әрі қызықты өтті.

     

     

    Осындай әдемі кештер арқылы Жамбыл мұрасы ұрпақ жадында жаңғыра түсері анық.

     

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida