4 мамыр күні Бұхар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың оқу залында «Ел мен ердің жемісі» деп аталатын Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналған тәрбиелік іс-шара өтті. Шараға №5 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
Шара барысында жүргізуші Ұлы Отан соғысының әкелген қасіреті мен нәубеті жайлы баяндап, Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне лайықты үлесін қосқан қазақ жауынгерлері туралы мағлұмат берді. Соның ішінде осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы, алғаш болып жеңіс дабылын қаққандардың бірі Рахымжан Қошқарбаев, шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүктей батырлардың ерліктеріне терең толқталды. Туған жер үшін жанқиярлықпен күрескен батырлардың ерлік істерін баяндайтын бейнероликтер көрсетілді және Бауыржан ағамыздың ұрпаққа айтқан аманат сөзі тыңдалып, тағы бір жадымызда жаңғырды.
Шара соныңда сонау апат пен қайғы, ерлік көрсеткен жауыңгерлер 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Кеш жүргізушінің тілек сөзімен мәресіне жетіп, келген қонақтар бір-біріне ізгі тілектер тілесті.
Шарадан соң оқушылар «Соғыс туралы естелік жолдары» атты кітап көрмесін тамашалады.