Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Біз Шахтинсктің болашағымыз».


    Әлемнің қай бұрышы болмасын жеке адам да, жалпы қоғам да өткенінен сабақ алып, дәстүріне арқа сүйеп, тарихымен мақтанады. Өз қаласының өлкетану тарих сабақтары бұрынғыларға емес, болашақ ұрпаққа керек. Осыған байланысты №2 кітапхана-филиалының қызметкері маусымның 8-ші жұлдызында жазғы кітапхана саябағында «Біз Шахтинсктің болашағымыз» атты іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында саябаққа жиналған жастар туған өлкеге қатысты көптеген мағлұмат алды. Сонымен қатар, жастар арасында «Туған өлкем» - шағын өлең шығару, мақал-мәтелдерді аяқтау  және  «Шахтинск – болашақ көзімен» атты қызықты сайыс түрлері өткізілді. Сайыстарға жастар белсене қатысып, көңілдерін көтерді.

    Білімді де білікті жастар – еліміздің ертеңгі тірегі. Алдағы уақытта да кітапхана мен жасөспірімдер байланысы жалғасын таба бермек.


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida