"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Опрос

    Архив
    Всего голосов: 14

     

     

    Новости

    Кездесу кеші «Бейбітшілік пен келісімде өмір сүру өнері».


    18 қазан – Рухани келісім күні. Осы атаулы күні Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхана сыртта қалмады. 13 қазан күні оқу залында колледж студенттерінің қатысуымен жастар арасында ұлттық саясатты түсіндіру, бейбітшілік пен жалпыұлттық келісімді сақтауды насихаттау мақсатында «Бейбітшілік пен келісімде өмір сүру өнері» тақырыбында діни өкілдерімен кездесу кеші өтті.

     

     

    Бұл шара Шахтинск қаласының орталық «Нұр» мешітінің имамы Ахинов Қанат Анасұлы, азаншы Байкешев Нұрғали Берікұлы және «Иконы Скоропослушницы» шіркеуінің аға попы Дмитрийдің қатысуымен өтті. Кеште көптеген күрделі діни мәселелер мен дінаралық татулық жайында ой-пікірлер талқыланды. Нұрғали Берікұлы жер-жаһанды жаулаған экстремизм мен терроризм туралы айтып берді. Кеш қонақтары діни білімімен студенттерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беріп, таным-түсініктерін кеңейтті. Кеште әртүрлі мағыналы бейнероликтер көрсетілді.

     

    Іс-шара барысында келесідей бейнероликтер қолданылды: «Religiya», «Казахстан - территория мира и согласия», «Рухани келісім күні», «Мы против экстремизма и терроризма» және т.б.

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida