Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Латын әліпбиіне көшудің маңызы».


    2017 жылдың 26 қазанында  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кириллицадан латын қарпіне көшу туралы бұйрыққа қол қойған болатын. Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.  Осыған орай 31 қаңтар күні Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханада «Латын әліпбиіне көшудің маңызы» тақырыбында № 9 ЖББМ 9 «а», 9 «б» сынып оқушыларының қатысуымен іс-шара өтті.

     

     

     

     

     

     

     

    Іс-шара барысында оқушыларға қазақ әліпбиінің тарихына көз жүгіртіп қана қоймай, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы да түсіндірілді. Сонымен қатар бекітілген жаңа латын қаріптері таныстырлып, оқушылар тақтайға өз аттарын жазып көрді.

    Танымдық-ақпараттық сағатымызды қорытындылай келе:

    1.Латын әліпбиіне көшудің себептері?

    2.Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?

    3.Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?

     

     

     

     

     

    деген сұрақтарға оқушылар белсене жауап беріп, өз ойларымен еркін бөлісті. Және шара соңында дауыс беру жүргізілді. Оқушылар латын қарпіне көшуді қолдайтындықтарын оң қолдарын қөтеріп білдірсе, қолдамайтындары сол қолдарын көтерулері қажет болатын. Бірақ оқушылар бірауыздан қолдайтындарын білдірді.

     

     

     

    Сонымен қатар оқушыларға  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі ұсынылды.


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida