2018 ж. 9 ақпанында Бұхар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың оқу залында Президент Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының электрондық нұсқасы ұсынылды.
Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.
Кітапханашы кітаптың еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұратынын және әр бөлімнің өзі бірнеше бөліктерге бөлінгенін айтып, көрнекі презентациямен көрсетті. Және де осы кітаптың электронды нұсқасын КММ «Шахтинск ОКЖ» сайтында PDF форматында оқуға болатынын айтты. Шара соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, талқылады.