Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Каталог және электронды каталог түрлерімен таныстыру» кітапханалық сабақ.


    2018 жылдың 10 қазанында  Ә.Бөкейханов атындағы мектеп – лицейінің 9а сынып  оқушылары мен  №5 гимназияның 9 а сынып оқушыларымен Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Каталог және электронды каталог түрлерімен таныстыру» тақырыбында кітапханалық сабақ өтті.

     

     

     

    Сабақ басында оқушылар назарына осы жылы Бұқар Жырау атындағы орталық кітапханасының  25 жылдық мерейтойы екені ескеріліп, кітапхана туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар кітапханамыздың аты ұлы қазақ жырауы, ақыны Бұқар жыраудың есімімен аталғаны жайында, және  осы жылы Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойы екені  назардан тыс қалмады. Оқушыларға Бұқардың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, қызу талқыға түсті. Оқушылар өздерінің кітап оқуға деген қызығушылықтары барын көрсете білді. Содан кейін кітапханашылар оқушыларды "Шахтинск ОКЖ" сайтымен таныстырып өтті. Бұл сайтта жаңа әдебиеттер, кітаптарды online оқу, виртуалды анықтама, кітаптарды онлайн ұзарту, құжаттарды электронды жеткізу және т. б. қызметтері бар екені айтылды.

    Ары қарай мектеп оқушыларына каталог, оның түрлері және электронды РАБИС бағдарламасы туралы мағлұмат берілді.  Сол бойынша оқушылар әр-түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Әр орындалған тапсырмаға тәтті сыйлықтар берілді. Жалпы іс-шара қызықты әрі көңілді өтті.

    Кеште әртүрлі мағыналы бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара барысында келесідей бейнероликтер қолданылды: «Кітаптар», «Е- каталог», «Электронды каталог», «Өлкетану каталогы» және т.б.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida