2018 жылдың 17 қазанында Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залында Ә.Бөкейханов атындағы мектеп – лицейінің 9 «Б» сынып оқушыларымен «Каталог және электронды каталог түрлерімен таныстыру» тақырыбында кітапханалық сабақ өтті.
Библиографиялық сабақтың басында оқушыларға кітапхананың тарихы жайында кішігірім ақпарат айтылды. Және де осы жылы Бұқар Жырау атындағы орталық кітапханасының 25 жылдық мерейтойы екені сөзге тиек етілді. Кітапханаға Бұқар жыраудың есімі берілгендіктен Бұқардың 350 жылдық мерей тойы екендігі де ұмытылмады. Сол бойынша сұрақтар қойылып, оқушылар
Бұқар жыраудың толғауларын оқыды.
Оқушылар өздерінің кітап оқуға деген қызығушылықтары барын көрсете білді. Содан кейін "Шахтинск ОКЖ" сайтымен таныстыру өтті. Бұл сайтта жаңа әдебиеттер, кітаптарды online оқу, виртуалды анықтама, кітаптарды онлайн ұзарту, құжаттарды электронды жеткізу және т. б. қызметтері бар екені айтылды.
Ары қарай мектеп оқушыларына каталог, оның түрлері және электронды РАБИС бағдарламасы туралы мағлұматтар берілді. Сол бойынша оқушылар әр-түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Әр орындалған тапсырмаға тәтті сыйлықтар берілді. Жалпы іс-шара қызықты әрі көңілді өтті.
Кеште әртүрлі мағыналы бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара барысында келесідей бейнероликтер қолданылды: «Кітаптар», «Е- каталог», «Электронды каталог», «Өлкетану каталогы» және т.б.