2019 жылдың 14 ақпанында ШТК, СВ-918/2 тобының студенттерімен Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Махамбет Өтемісұлының (1803-1846) 215 жылдық мерейтойы» тақырыбында портреттік кеш сабағы өтті.
Сабақ басында оқушылар назарына Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) - Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны.Бала кезінен мұсылманша, орысша білім алғандығы жайлы мәліметтер айтылды. Жыраудың 215 жылдық мерейтойы екені назардан тыс қалмады. Студенттерге Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, қызу талқыға түсті. Студенттер өздерінің кітап оқуға деген қызығушылықтары барын көрсете білді.
Содан кейін Махамбеттің 3 өлең шумағына тоқталып, әр студентке таратылып мәнерлеп жатқа айтып берді. Әр мәнерлеп оқыған студентерге қаламдар сыйлыққа берілді.
Жалпы іс-шара қызықты әрі көңілді өтті. Кеште әртүрлі мағыналы бейнероликтер көрсетілді.