Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Ұлы тарихи тұлғалар».


    Ақпан айының 14 жұлдызында  №12 филиал балалар кітапханасында «Ұлы тарихи тұлғалар» атты іс шара өтті.

     

     

    Кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге № 9 ЖББМ 6 «Б» сынып оқушылары және тарих пәнінің мұғалімі Қ.Ж Жүнісов қатысты. Іс-шара ойдағыдай өтті, пән мұғалімі Хан Тоқтамыс, Тамирис, Әмір Темір, Бейбарыс сұлтан, Абылай хан, Мөде Қаған, Шыңғыс хан және т.б ұлы тұлғалар жайлы әңгімелеп берді. Ұлы тарихи тұлғалар туралы мәлімет алғаннан кейін, осы тақырып төнірегінде оқушылар арасында қызу талқылау жүргізілді. Туындаған сұрақтарға тарих пәні мұғалімі толық жауаптар берді.

     

     

    Кітапханашылар ұлы бабалардың даңқты тарихына құрмет көрсету арқылы оқушылардың өз еліне, ұлы тарихына, ұлы тұлғаларға деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға тырысты. Жалпы іс-шара өте көңілді әрі мағыналы өтті. Іс-шара соңында оқушылар назарына «Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар» кітап көрмесі ұсынылды.

                                                      


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida