2019 жылдың 27 ақпанында №9 ОМ «8 А» оқушыларымен Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Бір ел- бір кітап 2019» Республикалық ақциясы аясында дауыстап оқу өтті.
Іс-шара басында кітапханашы ақын жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы таныстырып, сонымен қатар «Бір ел – бір кітап 2019» Республикалық акциясы туралы мәлімет берді. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылды, оқушылар белсене жауап бере отырды. Мысалы: Қазақ халқымыздың жазушысы Әбділда Тәжібаев қай жылы дүниеге келді? Әбіш Кекілбаевтың алғашқы кітабының аты қандай? Келесі кезекте мақал - мәтелдерді жалғастыру болды. Оқушылар белсене қатысып отырды.
Қорытындылай келгенде: қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халқының сүйіспеншілігіне бөленген қайталанбас тұлға, қазақ халқымыздың жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегелері, биылғы жылдың ел болып оқитын «Бір ел – бір кітап 2019 » Республикалық акциясының басты тұлғасы болып табылған Әбділда Тәжібаев және Әбіш Кекілбаев ақын жазушыларымызға арналған дауыстап оқу өз мәресіне жетті. Оқушылар Әбділда Тәжібаев туралы және Әбіш Кекілбаев жайлы, қазақ халқымыздың ақын жазушылары жайлы біраз мәлімет алды.
Аталмыш шара көптің көңілінен шықты.