Қымбатты оқырмандар! Сіз жас, жігерлі, жан-жақты болсаңыз және барлық шыңдарды бағындырғыңыз келсе, дәл сіз үшін Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханада "XXI ғасыр жастары: оның мәселелері мен мүдделері" атты кітап көрмесі жұмысын бастады.
Мұнда түрлі тақырыптар бойынша әдебиеттер жинақталған. Атап айтқанда:
1. "2019 жыл - Жастар жылы" : бұл бөлімде сіз газет және журнал мақалаларынан жастардың жылы бойынша қызықты ақпарат таба аласыз.
2. "Латын әліпбиіне бастау": 2020 жылға қарай Қазақстан латын әліпбиіне көшу жоспарын жүзеге асырмақ. Сондықтан біз Сіздерге оның негізгі қырларымен танысуды ұсынамыз.
3. "Саяхат жасау арқылы байлыққа кенелеміз": Бұл бөлімде сіз елдер туралы әдебиеттермен, олардың салт-дәстүрлерімен, негізгі көрікті жерлерімен таныса аласыз, бұл сізге саяхат кезінде көмектеседі.
4. "Басқа тіл - әлемнің басқа көрінісі": Бұл бөлім шет тілдеріне арналған. Өзге тілді зерттеу кезінде, әлемді басқа қырынан тани бастайсыз.
5. "Хобби, әуестену, бос уақыт": Сіз демалысыңызды қызықты, көңілді әрі пайдалы етіп өткізгіңіз келсе, бұл бөлімде ұсынылған кітаптар сізге көмектеседі.
6. "Табысқа жету жолы": Көшбасшы болу, өз дағдылары мен қабілеттерін дамыту, өз бизнесін құру, сүйікті жұмыста өзін табу және жай ғана бақытты болу.
7. "Спорт, денсаулық, сұлулық": Дұрыс тамақтану, йога, денсаулық және спорт сізге тонуста қалуға және сіздің келбетіңізді көптеген жылдар бойы сақтауға көмектеседі.
Жастар жылы бойынша қосымша ақпаратты біздің сайтымыздан таба аласыздар: http://shahtinsklib.kz/