Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының.


    Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының қарсаңында 20 наурызда орталық кітапхананың оқу залында №9 мектеп пен №16 мектеп-лицей оқушылары мен ШТК, ЭМ-918 студенттеріне  арналған  мерекелік іс-шара өтті. Іс – шара барасында қонақтарға дастархан жайылып, тәтті бауырсақтар ұсынылды.

     

     

     

    Мерекелік кештің шымылдығын Асанов Асылбек домбыра тартып, ән шырқап, тыңдаушыларды тылсым сезімдерге бөлеп, құлақ құрышын қандырды. Жунисбекова Қанымша апайымыз дәстүрге сай  шашу шашты.

     

     

     

     

     

    Наурыз керемет мезгіл - көктем туралы өлеңдер, табиғат құбылыстарын жасырған наурыз жұмбақтар, дәстүрлі «Асық» пен «Қол күрестіру» ойындары ойнатылып, оқушыларды байырғы қазақ даласына сапар шеккендей әсерде қалдырды. 

     

     

    Ал №9  мектебінен келген Бурахан Диана «Дастархан» әнімен  Дәуірбекова Асель «Әз-Наурыз»  бұлбұл үнімен ән шырқап берді. Және де Әбдіримова Зиваш апаймыз «Наурыз бата» беріп, оқушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап ізгі тілегін білдірді. Наурыз мейрамын көнеде ата-бабамыз дәстүр бойынша қалай атап өткендігі жайында  көптеген мәлімет беріп, Наурыздың қазіргі таңда қалай атап өтіліп жүргендігін естеріне түсірді. Мерекелік кеш жүргізушілердің құттықтау сөздерімен мәресіне жетіп, келген қонақтар бір-біріне ізгі тілектер тілеп тарасты. Мерекелік кеште барлық қатысушыларға  сыйлықтар берілді.

     

    Іс-шара барысында келесідей бейнероликтер қолданылды: «Начало», «Праздник Наурыз», «Наурыз коже», «Асык», «Ұлттық ойындар» , «Наурыз – Роза Рымбаева».

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida