Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    Андерсеннің шоқжұлдыз ертегілері.


    Наурыз айының соңында №12 балалар кітапхана-филиалының оқу залында «Балалар кітап апталығы» өткізілді.  Апталықтың ашылуы 28 наурыз күні салтанатты түрде өтті.

     

     

     

     

     

    29 наурызда апталық жалғасын тапты. Жалпы апталық ұлы ертегіші Г.Х Андерсеннің туылған күніне орай (Сәуірдің 2) аталып өтілуімен баланыстырылды. Іс-шараға қаламыздың «Еркетай» балабақшасының  мектепке дейінгі жастағы  балақайлары шақырылып, балабақшаның екі (Қарлығаш және Көгершін) тобы қатысты. Іс-шара барысында «Кітап апталығы – қуаныш пен шаттық» атты Андерсеннің ертегілері бойынша ғажайыпстанға саяхат өткізілді. Балалар «Жасырынған ертегі атауларын табу» «Қара жәшік», «Ертегі», «Викторина» станцияларын аралап, видеороликтер көрді.  «Қара жәшік» аялдамасында ертегі кейіпкерлердің жоғалған заттарын жасырып, балақайлар оларды табулары керек болды. «Ертегі» аялдамасында  Андерсеннің «Ұсқынсыз балапан» ертегісін экран арқылы тамашалады. Ойын ойнау барысында сергіту сәті де өткізілді.

     

     

     

     

     

     

    Оқу залында «Андерсеннің ертегілеріне саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда балаларға арналған қызықты ертегілер, кітаптар қойылды. Оқу залы дәйек сөздермен толықтырылып, шарлармен безендірілді. Балалар көрмемен танысып, ондағы ұсынылған кітаптар туралы өз ойларын білдірді. 

    Алдын ала құрылған жоспар бойынша оқырмандармен «Ертегі көзі кітапта» атты викторина, ойын түрінде өткізілді. Іс - шара өте көңілді өтті. 

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida