Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Бір ел - бір кітап 2019».


    2019 жылдың 23 сәуірінде  Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп лицейі «8 Б» сынып  оқушыларымен Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Бір ел- бір кітап 2019» Республикалық ақциясы аясында әңгімелесу өтті.

     

     

     

     

     

    Іс-шара  басында кітапханашы ақын жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы таныстырып, сонымен қатар «Бір ел – бір кітап 2019» Республикалық акциясы туралы мәлімет берді. Қазақтың көрнекті ақыны Әбділда Тәжібаевтың  өлеңдеріне және қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романына талдау жасалды. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылды, оқушылар белсене жауап бере отырды. Мысалы: Қазақ халқымыздың жазушысы Әбділда Тәжібаев қай жылы дүниеге келді? Әбіш Кекілбаевтың алғашқы кітабының аты  қандай? 

     

     

     

    Келесі кезекте мақал - мәтелдерді жалғастыру болды. Оқушылар белсене қатысып отырды.

     

    Қорытындылай келгенде: қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халқының сүйіспеншілігіне бөленген қайталанбас тұлға,  қазақ халқымыздың жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегелері, биылғы жылдың ел болып оқитын «Бір ел – бір кітап  2019 » Республикалық акциясының басты тұлғасы болып табылған Әбділда Тәжібаев және Әбіш Кекілбаев ақын жазушыларымызға арналған әңгімелесу өз мәресіне жетті.

     

     Оқушылар Әбділда Тәжібаев туралы және Әбіш Кекілбаев жайлы, қазақ халқымыздың ақын жазушылары жайлы біраз мәлімет алды. Аталмыш шара көптің көңілінен шықты.

     

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida