Шекарасыз кітапханалық жаз
Жазғы оқу залы аясында қалалық саябақта «Шекарасыз кітапхана» акциясы өтті. Тұрғындар мен қала қонақтары үшін тақырыптық және түрлі жанрдағы әдебиеттерден ұйымдастырылған ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Келушілерді көрмедегі кітаптармен таныстырып, жазғы демалысқа арналған кітаптар ұсынылды.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған кітаптармен танысты. Қатысушылар сүйікті кітаптары туралы пікірлерімен бөлісіп, кітап оқудың пайдасы жөнінде өз ойларын ортаға салды. Акция нәтижесінде кітапханаға жаңа оқырмандар тартылып, тұрғындар арасында кітап пен кітапхананың маңызы кеңінен насихатталды.