Жазғы оқу – рухани серпін

31.07.2026 09:34 Администратор библиотеки
Жазғы оқу – рухани серпін

Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханасы жазғы оқу залының аясында қаланың Орталық саябағында «Жазғы оқу – рухани серпін» атты оқу сағатын ұйымдастырды. Іс-шара барысында кітапханашылар қатысушыларды жазғы демалыс кезінде кітап оқудың маңыздылығымен таныстырып, кітаптың адам өміріндегі орны мен рухани дамудағы рөлі туралы әңгімеледі.
Оқырмандарға қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармалары, балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар, сондай-ақ жаз мезгілінде оқуға ұсынылатын әдебиеттерге шолу жасалды. Қатысушылар өздеріне ұнаған шығармалардан үзінділерді мәнерлеп оқып, кітаптар жайлы пікір алмасты.
Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, ұсынылған әдебиеттерге қызығушылық білдірді кітап оқу белсенділігі мен әдеби білімдері сыналды. Сонымен қатар қатысушылар сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, кітап оқудың пайдасы жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.
Оқырман ретінде кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, бос уақыттарын тиімді өткізуге және кітапхана қызметін кеңінен насихаттауға ықпал етті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР