ЛЕТО

12.08.2026 15:52 Администратор библиотеки
ЛЕТО

Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханада балаларға арналған «ЛЕТО» шығармашылық шеберханасы қызықты әрі көңілді түрде өтті. Шараның басында балалар сергіту жаттығуларын жасап, жаз мезгілі туралы әңгімелесті. Одан әрі жаз, көкөністер мен жемістерге арналған жұмбақтар шешіп, «Жеміс пе, көкөніс пе?», «Өнімді тез жина», «Епті стақандар» сияқты көңілді ойындарға белсенді қатысты.  Шығармашылық бөлімде балалар пластилинмен көкөністер мен жемістерді бояп, түрлі-түсті әрі әдемі жұмыстар жасады. «ЛЕТО» шығармашылық шеберханасы балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жағымды әсер және шығармашылық шабыт сыйлады!

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР