Спортты таңда! Денсаулықты таңда!

13.08.2026 17:38 Администратор библиотеки
Спортты таңда! Денсаулықты таңда!

13 тамыз күні қалалық саябақта қала тұрғындары мен қонақтары үшін жазғы оқу залы аясында «Спортты таңда! Денсаулықты таңда!» атты ойын-сайыстарға арналған кітап көрмесін ұйымдастырылды. Кітапханашы спорттың адам денсаулыққа пайдасы, қимыл-қозғалыстың маңызы және салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі туралы қысқаша айтып өтті.
кітап көрмесінің барысында қатысушылар бірнеше командалық және жеке тапсырмаларға қатысып жүргендерімен бөлісті.
Қандай командалар мен атаулары мен ұрандары болғанын айтып, спортқа жақындықтарын көрсетті. Қатысушылар қойылған кітап көрмедегі кітаптарға үңіліп, денені шынықтыруға арналған сергіту жаттығуларын орындайтындарымен де бөлісті.
«Пайдалы ма, зиянды ма?» ойынында салауатты өмір салтына қатысты білімдерін тексерді, «Спорттық жұмбақтар» ойынында спортқа байланысты жұмбақтарға жауап берді.
Барлық қатысушылар шара барысында белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға атсалысты. 
Қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтылып, салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен тұрақты айналысуға және бос уақыттарын кітап оқып, тиімді өткізуге шақырылды.
Іс-шара соңында кітапханашы, денсаулық - адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі екенін атап өтті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР