Қазақстан Республикасының Конституциясы
Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейтті. Интерактивті тапсырмалар мен ситуациялық ойындар сыни ойлау қабілетін, өз ұстанымын дәлелдей білу және жауапты шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Іс-шара «Адал азамат», «Білімді ұлт» және «Жаңа қоғам» ұғымдарының әр адамның күнделікті іс-әрекетімен тығыз байланысты екенін көрсетті.
Конституция – еліміздің тұрақтылығының, бірлігінің және дамуының берік негізі!