VR-арт-студия
Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханада «VR-арт-студия» атты қызықты шығармашылық ойын өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар дәстүрлі сурет салудан өзгеше жаңа форматпен танысып, виртуалды өнер әлеміне саяхат жасады. VR технологияларының көмегімен ерекше суреттер мен нысандар жасап, түрлі пішіндермен, сызықтармен және кеңістікпен тәжірибе жасап көрді.
Әр қатысушы өзін виртуалды суретші ретінде сынап, қиялын еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Шығармашылық тапсырмалар қатысушылардың қиялын, креативті ойлауын және кеңістікті елестету қабілетін дамытуға ықпал етті.
Кітапхана оқырмандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, кітап, шығармашылық, заманауи технологиялар мен қызықты демалысты бір арнаға тоғыстырып келеді!