Қ. Жұмаділов поэзиясы

04.08.2026 16:10 Администратор библиотеки
Қ. Жұмаділов поэзиясы

№11 кітапхана-филиалында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында кең оқырман қауымына арналған «Қ. Жұмаділов поэзиясы» атты поэзиялық кеш өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмірбаяны мен шығармашылық жолы, туған елі алдындағы еңбегі, алған марапаттары мен жетістіктері туралы әңгімеледі. Қатысушыларға оның «Жас дәурен», «Отан туралы», «Атамекен» және басқа да танымал өлеңдері оқылып, ақын шығармашылығының терең мазмұны мен елжандылық рухы кеңінен насихатталды.
Кеш барысында оқырмандар «Қ. Жұмаділов туралы не білдік?» атты әдеби викторинаға белсене қатысып, өз білімдерін сынады. Іс-шара соңында «Атамекен» әні шырқалып, поэзиялық кеш әсерлі көңіл күймен қорытындыланды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР