Адал ойна: барлығына ортақ қарапайым ережелер
№ 13 балалар кітапханасы-филиалында кітапхана оқырмандары үшін "Адал ойна: барлығына ортақ қарапайым ережелер" атты құқықтық ойын өтті. Кездесу барысында оқушылар сыбайлас жемқорлық тек ақшаға байланысты «ересектер мәселесі» ғана емес, сонымен қатар жеке пайда үшін ережелерді бұзу екенін және оның әр адамға қатысты екенін білді. «Аңыз ба, әлде шындық па?» викторинасы арқылы мектеп оқушылары күрделі құқықтық ұғымдарды талдап, 1424 бірыңғай сенім телефонының жұмысы туралы ақпарат алды. «Ертегілердегі жемқорлық» бөлімі ерекше қызығушылық тудырды. Белгілі ертегі кейіпкерлерінің мысалдары арқылы оқушылар адал емес әрекеттердің салдарын көрді. Іс-шара соңында қатысушылар өмірде кездесетін түрлі жағдайларды талқылап, адалдық пен білімнің табысты болашақтың басты негізі екендігі туралы қорытындыға келді. Шара балаларға әділетті қоғам құру әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын түсінуге көмектесті.