Шахтинск – сүйікті қалам. Шахтинск – любимый город

04.08.2026 14:16 Администратор библиотеки
Шахтинск – сүйікті қалам. Шахтинск – любимый город

№13 балалар кітапхана-филиалының оқу залында Шахтинск қаласының 65 жылдық мерейтойына арналған «Шахтинск – сүйікті қалам. Шахтинск – любимый город» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Фотокөрмені ұйымдастыруға қаланың жас тұрғындары – кітапхананың оқырмандары мен әлеуметтік желідегі жазылушылары шақырылды. Қатысушылардан Шахтинск қаласының көрікті жерлері бейнеленген фотосуреттер баспа немесе электрондық форматта қабылданды. Іріктеу нәтижесінде ең әсерлі әрі көркем фотожұмыстар фотокөрменің сәніне айналып, туған қаланың әсемдігі мен қайталанбас келбетін айшықтай түсті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР