Қайта жүктеу: мектеп басталды!
«Оқитын мектеп» жобасы аясында № 7 ЖББМ-нің 7 «Г» сынып оқушыларына арналған «Қайта жүктеу: мектеп басталды!» атты білім квесті өтті.
Іс-шара барысында оқушылар қызықты тапсырмаларды орындап, білімдерін, тапқырлықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін және әдеби білімдерін сынады. Қатысушылар кітаптарды зерттеп, сөздерден сөйлем құрастырды, әдеби кейіпкерлерді таныды және логикалық тапсырмаларға жауап берді.
Квест соңында оқушылар алған әріптерден «ОҚЫ!» деген негізгі сөзді құрастырып, кітап оқудың адамға жаңа білім мен мүмкіндіктер әлемін ашатынын тағы бір рет дәлелдеді.
Іс-шара қызықты әрі танымды өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жаңа оқу жылына жақсы әсер сыйлады.