Абайды бірге оқимыз
4 тамызы күні Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкері 10 тамыз Абай күні қарсаңында Долинка елді мекенінде орналасқан 6505 Әскери бөлімімен бірлесіп қазақтың дара, дана ақыны Абай Құнанбаевқа арналған шарасын өткізді.
Шара басы 2020 жылдың 4 тамызында Үкіметтің арнайы қаулысы шығып, «Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі «Абай күні – 10 тамыз» деген тармақпен толықтырылғанын және 2021 жылдан бері 10 тамыз «Абай күні» деген атпен мерекелік дата ретінде аталып өтілетініне басталды.
Іс-шараға кітапхана сарбаздар арасынан Орталық саябақ алдындағы Абай ескерткіші алдында мәнерлеп өлеңдер оқылып, кітапсүйер қауым үшін абай кітаптарынан көрме ұйымдастырылды және оқуға берілді. Сарбаздар белсенді қатысып, өз сұрақтары мен ойларымен пікір алмасу барысында барынша емін-еркін бөлісе алды.