"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Опрос

    Архив
    Всего голосов: 14

     

     

    Последнее обновление: 16 Августа 2017 11:47, Просмотров (306), Печать

    КАРЛАГ

     

     

                       

     

    Қарағанды еңбекпен түзету лагері - КСРО ішкі істер халық комиссариатының ГУЛАГ- қа бағынатын 1930-1959 жылдардағы ең үлкен еңбекпен түзету лагерьлерінің бірі. ҚЕТЛ жаппай саяси репрессия кезінде «Гигант» совхозы базасында құрылған. Қазақстан территориясында адам тағдырын талқандаған кеңес тоталитарлы жүйесінің басқа да лагерьлері болған, дегенмен де ҚЕТЛ барлығының арасында өзінің масштабы мен маңыздылығымен ерекшеленген.

     

    Еңбекпен түзету лагерьлерінің басты бағыты тұтқындарды тегін еңбек көзі ретінде қолдану және сталиндік социализмді құру бағдарламасын жүзеге асыру болды. Қарағанды еңбекпен түзету лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылып, лагерь орталығы Қарағандыдан 45 км. жердегі Долинка кентінде орналасты. ҚЕТЛ-ге 120 мың га.  жыртуға жарамды, 41000 га. шабындық аудан берілді. ҚЕТЛ-дің солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы 300 км. және шығыстан батысқа дейінгісі 200 км. 

     

    ҚЕТЛ «астанасы»- Долинка жылдан жылға тұрғындарын толықтырды. Долинканың өзінде ауылшаруашылық өңдеу кәсіпорындары жұмыс істеді: диірмен, май зауыты, ірімшік қайнату өндірісі, сүзбе ірімшік қайнату өндірісі, қасапхана, тұздау цехы, үлкен механикалық-жөндеушілік зауыты құрылды, онда 850 тұтқындар жұмыс жасап, барлық лагерь бөлімшелерін ауылшаруашылық көлік пен қозғалтқыштардың барлық түрдегі қосалқы бөлшектер мен детальдарымен қамтамасыз етті. Кірпіш зауыттары мен әкті карьерлер де болды.  Көптиражды газеттер де шығарылып тұрды. «Дубовская» шахтасы жыл сайын 60 мың т. көмір шығарып тұрды. Келесі жылдары Шерубайнура мен Тентек көмірлі аймақтары игеріліп, Долинская шахтасы құрылды. 

     

    Тұтқындар лагерьдің барлық территориясында жұмыс істеді: теміржол, тұтқындарға барақтар, қоражай, ВОХР-ға казарма, басқарушы құрамға тұрғын үй салды. Лагерь-кеңшар барлық үмітті ақтады. Оның өсу динамикасын осы фактіден байқауға болды. Егер, құрылған жылы лейтенант басқарса, таратылған кезде басқару орталығы генерал-майордың қолында болды. 

     

    40-шы жылдардың ортасына қарай шаруашылық дербес есепті шаруашылыққа айналды. Оның әсер ету сферасы Алтайдан Бекпак-Долаға дейін таралды. Шын мәнінде бұл мемлекет ішіндегі мемлекет болған еді. Ол шын билікке, қаруға, транспорттық құралдырға, поштаға және телографқа ие болды. Ұн тарту цехынан бөлек наубайхана, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу цехы тұрғызылды. Бағбаншылыққа 60 га. жер берілді. Осы бағыттың алғашқы энтузиасттары неміс қоныс аударушылары болды. Олардан екі алма ағашы қалды.

     

    1932 жылдың 1 мамырында Долинкада орман тәлімбағы орнатылды. "Хорошавка", "Анисик Омский" алмалары, канадалық қара өріктер, малина, қарақат, іріжемісті бүлдірген отырғызылды. 1937 жылы бірінші жүзім түсімі алынды.

     

    Бұл жерде С.Н.Рытов, Н.К.Магницкий, А.Г. Разба, В.М.Савич және тағы басқа мамандар жұмыс істеді. "Жазық ғажабын" көруге  С.М.Киров, И.Л. Мирзоян, К.М. Аммосов, және басқа да ғалымдар келді.

     

    ҚЕТЛ тек арзан жұмыс күшімен молайып қоймай, оған қоса мықты ми орталығы болды. Онда күллі әлемге әйгілі ғалымдар, дәрігерлер, сардарлар, мәдени қайраткерлер, саясаткерлер, рухани шенді адамдар болды.

     

    Олардың арасында  әлемдік атпенА. Л. Чижевский; профессор, ботаник Л.А. Пельцих. селекционер Б.К.Фортунатов, P.Д. Цион, А.М. Диомидов, А.В Ланина, Л.Ё. Василец, В.С. Пустовойт (болашақ академик, екі мәрте әлеуметтік еңбек қайраткері А.М. Симорин, Д.Н. Новогрудский, жазушы М.Е. Зуев - Ордынец, А.А.Корнилов және тағы басқалары. Осы жерде аз мерзімге ұлы «зубр» Н.В.Тимофеев - Ресовский да келді. Ол Самар бөлімшесінде орнықты. Долинкада керемет аурухана, поликлиника, мектеп жұмыс істеді. Күллі Долинка тікенекті сыммен белбеуленді, кіру тек арнайы рұхсатнамамен жүрілді. Ішінде бұрышында күзетшілер мұнаралары бар 2 зона болды. Тікенекті шарбақтың ар жағында басқа заңдар, ар мен әділдік туралы басқаша көріністер әрекет етілді. Бақылаушы алдындағы қылмыскерлер өзіндік, яғни кеңес адамдары болып саналды. «Саясилар»«халық жауы» деген белгімен жүрді және де оларға деген қарым-қатынас та сай болды. Уақыттары таяған көбісі ерікті жалдамалар қатарына өтті. Адамдар тұру құжатынсыз, құқығы тапталып босатылды. Олардың баратын жерлері де болмады, ешкім жұмысқа да алмады. Тек лагерьде қалғандар ғана тірі қалды. Бірақ, бұл соңы емес еді. Қиын жұмыс пен тамақ деуге тұрмайтын ас, тергеу мен азап болды. Қазір көбісі сол жылдары өткенді ұғынуға тырысуда. Кейбіреулері сол жерде көргенді баяндағысы келеді. 

     

    Тағы да оқитындарыңыз:

     

    ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚарЛаг

    Здание Главного управления Карлага в п. Долинка

    Долинка кентінің тарихи ғимараты

    Музей «Памяти жертв политических репрессий п. Долинка»

    Политические репрессии: Электронные – адреса

    Фотогалерея "КарЛаг"

    Мамочкино кладбище

    "Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені

    Репрессированная наука в Карлаге

     

     

    Тақырыпқа байланысты әдебиеттер тізімі:

     

    Список книг казахстанских авторов и список статей из казахстанских периодических изданий "О КАРЛАГЕ".

    Редкие издания книг из библиотеки КАРЛАГА

    Презинтация "Редкие книги из парткабинета КАРЛАГА"

     

     

     

    қайта оралу

     

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida