Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 28 Февраля 2017 11:33, Просмотров (1870), Печать

    2017 жылғы 1 ақпандағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

     

    Алматы, Қазақстан – 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,71 трлн. теңге болды.

     

    2017 жылғы 1 ақпанда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,58 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 421,25 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38,99 мың бірлік болды.

     

    2017 жылғы қаңтарда түсімдердің жалпы сомасы 61,2 млрд. теңге болды. Әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару есепке алына отырып, қайтарылған жарналар сомасы 0,4 млрд. теңге болды.  

     

    2017 жылдың басынан бастап салымшылардың ЖЗШ-сына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 10,79 млрд. теңге болды.

     

    2017 жылғы қаңтарда БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 43,14 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2,09 млрд. теңге болды.

     

    Салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (оның ішінде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

     

    3 миллионға жуық адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде электрондық хабарлау тәсілін таңдаған. Мәселен, 202 мыңға жуық адам электрондық мекенжайға үзінді көшірмелер алады, ал 2,8 миллион адам сайт немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат ала алады. 2017 жылғы қаңтарда соңғылардың қатарына хабарлау тәсілін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған 134 110 салымшы (алушы) қосылды.   

     

    Ұялы қосымшаны жүктеп алу саны бір ай ішінде 65,4 мыңға дерлік көбейіп, жүктеу саны 575,1 мың болды. 2017 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіштің 509,7 мың жүктеуге тең болғанын еске саламыз.  

     

    2017 жылғы 1 ақпанда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі 2015 жылғы ақпанда қолданысқа енгізілген сәттен бастап электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 367 мың үзінді көшірме берілген.

     

    Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, «кері байланыс» нысаны және Қордың корпоративтік сайтындағы онлайн-чат арқылы қашықтан да құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.

     

    БЖЗҚ әрбір салымшының (алушысының) қамын ойлап, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы жолдарын жасауға күш салуда. БЖЗҚ-ның салымшылармен қарым-қатынас орнату тәсілдерінің бірі – салымшыларға (алушыларға) барып қызмет көрсететін «Мобильдік кеңсе» жобасы. Осы жобаның аясында барлық өңірде БЖЗҚ мамандарынан өздері барып қызмет көрсететін топтар құрылды. Қор қызметкерлері салымшы (алушы) үшін ыңғайлы кеңес беру уақытын және орнын белгілейді, мүмкіндігі шектеулі жандарға БЖЗҚ деректер базасына енгізу және Қор филиалдарының қызметкерлермен жұмыс бөлімі қызметкерлерінің оларға қызмет көрсетуі үшін қажетті құжаттар топтамасын жинап, Қорға жеткізуге көмектеседі.

     

    2017 жылғы қаңтарда Қор қызметкерлері төлемдер алуға құқылы, бірақ БЖЗҚ-ға келіп өтініш жасамаған І, ІІ топтардағы мүгедек (мүгедектігі мерзімсіз белгіленген) 1 554 алушымен байланысқа шықты. Олар бойынша 3 248 операция жасалды. Сондай-ақ, осы кезеңде мобильдік агент жиынтығын (ноутбук, модем, МФУ) пайдалана отырып, барып қызмет көрсету бойынша 466 іс-шара қолға алынып, 13 089 операция жасалды.     

     

     

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

    Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                               

     

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

     

     

    қайта оралу

     

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida