Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 31 Января 2024 09:25, Просмотров (3902), Печать

    Міндеті:   Пайдаланушыларға ақпараттарды кез-келген жеткізуші арқылы  ұсыну, сақтау, жинау және іздеу.  

     

     Бөлім тарихы

     

    Анықтама-библиографиялық бөлімінің қызметі 1976 жылы қала кітапханаларының халыққа қызмет көрсетуін  орталықтандырылған жүйеге келтіруден басталды. Сол кезде қалалық орталық кітапхана жанынан мынадай жаңа бөлімдер құрылды: әдебиеттерді жабдықтау және іріктеу бөлімі, ұйымдық-әдістемелік және ақпараттық-библиографиялық.

     

    1976 жылы ақпараттық - библиографиялық бөлімді Ворон Раиса Ивановна басқарды. Ақпараттық - библиографиялық жұмыстар бөлімін ұйымдастырып, дамудың жаңа импульсына бет алып, мынадай толыққанды анықтама аппараттарын құрды: газет пен журнал мақалаларының картотекасы, өлкетану картотекасы. Бөлім энциклопедиялармен, сөздіктермен, анықтамалармен, библиографиялық құралдармен толықтырылды. Халық шаруашылығы мамандарына ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастырды. Раиса Ивановна ақпараттық-библиографиялық бөлімнің ең алғашқы анықтама қорларын жинап, картотекаларын құрып, түп қазығын қаққан еді. ОКЖ ұжымы ұсынылған библиографиялар бойынша бүкілодақтық зерттеуге белсенді атсалысты. Москваға өкіл ретінде Ворон Раиса Ивановна барып, бүкілодақтық біліктілігін арттыру курсына қатысты.

     

    1977-1979 жылдарда Шахтинск ОКЖ базасында «Қазақстанның Мемлекеттік кітапханаларын орталықтандыру» атты Республикалық семинар-сабақ өткізілді. Раиса Ивановна осы семинарлардың ойдағыдай өтуіне белсенді атсалысты. Орталықтандырудың алғашқы күнінен бастап, 2002 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін ОКЖ қызметін бірден бір маңызды бағыттарымен басқарды. Ол «Еңбек ардагері» медалімен, басқа да көптеген мадақтамалармен марапатталды.

     

    Осы жылдарда мынадай ұсыным көрсеткіштер әзірленді: Шахтинск аумағындағы ардагерлер туралы «Соғыс жалыны», алғашқы нөмірі 1978 жылы шыққан, жыл сайынғы «Басылымдардағы Шахтинск» жылнамасы, «Шахтинскінің құрметті азаматы», «Ауғанстан жанымды сыздатады» библиографиялық құралдарының бірінші бөлімі.

     

    90-жылдардың аяғында библиографиялық қызмет уақыттың талабына сай қайта құрылды. Бөлімде өзгерістер болып, оңтайландырудан өтті. Сөйтіп штатта бір ғана библиограф қалды.

     

    Бөлімде 2004 жылғы қаңтардан бастап «Кітапхана 4.02» бағдарламасында «Мақалалар», «Өлкетану» электронды каталогтары құрылды. 2007 жылғы ақпанда «РАБИС» бағдарламасын сатып алды. ОКЖ қазіргі уақытта «РАБИС» бағдарламасының мынадай үш модулімен жұмыс істейді: «Каталогизатор», «Іздеу мен Тапсырыс», «Тіркеу».

     

    Осы ұсыным көрсеткіштері басылымға әзірленді және өңделді: Шахтинск аумағындағы ардагерлер туралы «Соғыс жалыны», «Шахтинскінің құрметті азаматы», «Ауғанстан жанымды сыздатады». 20 жыл бойы «Басылымдардағы Шахтинск» жылнамасы шығарылады.  

     

    2007 жылы «Өлкетану» электронды каталогындағы библиографиялық жазбаларға электронды құжаттарды тіркеу және өлкетану құжаттарын нөмірлеу бойынша жұмыстар басталды. Жыл сайын өлкетану сипатындағы 100 астам құжаттар нөмірленеді. Барлық толықмәтінді база электронды каталогта көрсетіледі, кез-келген оқырман компьютермен электронды тасымалдаудағы жазбаларды немесе деректерді, құжаттарды оқуға мүмкіндігі бар. Бүгіндерде ЭБД  pdf түріндегі 1000 астам құжаттар енгізілген.

     

    Өлкетану ресурстары туралы мәліметтері бар, «Өлкетану» жеке бөліміндегі өлкетану ақпараттары www. shahtinsklib.kz веб-сайтында ұсынылғандар: Шахтинск тарихы, қала елтаңбасы, Қарлаг, кітапханада әзірленген өлкетану бойынша библиографиялық көрсеткіштер, «Шахтинск» ТБД: уақыт, оқиға, адамдар» және т.б.

     

    2013 жылғы қарашада ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі ұйымдастырылды. Бөлім штатында 2  еңбекақы мөлшері бар. Бөлім 50-ден астам мерзімді басылымдардың талдауларын тіркеп жазып, мақалалардың электронды каталогын құрды, сондай-ақ электронды ортада библиографиялық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырады, баспагерлік қызметпен шұғылданады.  

     

    2013 жылдан бері «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтында Виртуальді анықтамасы мен «Кезекші библиограф» чаты жұмыс істейді.

     

    2013 жылы бөлім қызметкерлері Алматы қаласының Ұлттық кітапханаларының ККҚО базасындағы библиографиялық ресурстардың жиынтығын құру бойынша жобаға қосылды.  Бөлім қызметкерлері ҚР ҰК электронды каталогынан қазақ және орыс тілдерінде библиографиялық жазбалар таңдайды.

     

    2014 жылдан бастап бөлім «Е-каталог» электронды каталогына кірісті.

     

    2015 жылы «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтында «Мақалалар» электронды каталогы мен «Өлкетану» электронды каталогы ұсынылды. 

     

    2016 жылы бөлім қызметкерлерімен жаднамалар дайындалды: " Виртуалды анықтама": жадынама.- Шахтинск, 2016.- 2 б.; "Шахтинск ОКЖ" КММ сайтының электрондық өлкетану ресурстары: жаднама.- Шахтинск, 2016.- 2 б.

     

    2017 жылы "Шахтинск: кеше, бүгін, ертең" өлкетану жобасы аясында "Сандық форматтағы Қарлаг" корпоративтік жобасы дайындалды. Жобаны жүзеге асыру барысында цифрлау үшін кітап және газет құжаттарының сақталу жағдайына мониторинг жүргізілді, цифрлау үшін коллекция нысандарының тізімі жасалды, оған Қарлагтың аса құнды және сирек кітаптары мен газеттері кіреді. Құжаттарды цифрлау бойынша жұмысты ұйымдастырумен: ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі және қорды ұйымдастыру және пайдалану бөлімі жұмыс істейді.

     

    Бөлім қызметкерлері: «Печатный каталог «Караганда. Карагандинская область. Шахтинский регион».- Шахтинск, 2017.- 12 б.; "Қарағанды. Қарағанды облысы. Шахтинск аумағы": Басылым каталогы.- Шахтинск, 2017.- 6 б.

     

    2018 жылы бөлім қызметкерлері "Сандық форматтағы Қарлаг тарихы" жобасы бойынша жұмыс аясында 1933-1934 жж. "Путевка", 1934-1935 жж. "За новую технику", 1934-1935 жж. "Gaңа Gol" газеттерінің нөмірлерін цифрлады. Толық мәтінді мәліметтер базасы бар "Сандық форматтағы Қарлаг" электрондық каталогы құрылды.

     

    2019 ж. "Кітапхана + қалалық архив бірыңғай ақпараттық кеңістік құру жолында" өлкетану жобасы аясында Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхана мен Шахтинск қаласының мемлекеттік архиві анықтамалық дайындап шығарды: "1961-2018 жж. Шахтинск аймағының басшылары": библиографиялық анықтамалық.- Шахтинск, 2019.- 236 б.

     

    2020 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына биобиблиографиялық оқу құралы "Үлкен соғыстың кішкентай батырлары"= "Маленькие герои большой войны": биобиблиогра-фическое пособие. - Шахтинск, 2020.- 128 с. - қазақша, орысша. Бұл басылымның мақсаты – қоршауда қалған Ленинград балалары, концлагерь тұтқындарының балалары, Шахты өңірінде тұрып, тұрып жатқан тыл еңбеккерлерінің балалары туралы айту. Басылым өз өлкесінің тарихына қызығушылық танытатын қалың оқырманға арналған.

     

    2023 жылы «Шахтинск: кеше, бүгін, ертең» өлкетану жобасын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Жоба саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайымен, Қарағанды қ. мұрағатымен, Шахтинск қ. мұрағатымен бірлескен қызметті көздейді.

    Жобаның негізгі міндеттері:

    - Өлкетану құжаттарын анықтау, жинау, жүйелеу, сақтау;

    - Өзінің Өлкетану басылымдарын баспа және электронды түрде дайындау;

    - Сирек кездесетін өлкетану құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету.


     

     ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

     

    • ОКЖ барлық құрылымдық бөлімшелерінде келісім негізінде бірыңғай ақпараттық және анықтама-библиографиялық қызметтерді ұйымдастыру.  
    • Өлкетану бойынша ақпараттық жұмыс.  АБА деректемелік және библиографиялық ақпараттарды іздеу, жинақтау  және көрсету;
    • ОКА ақпараттық-іздеу аппаратын қалыптастыру. Картотекаларды енгізу және ұйымдастыру.
    • Жүйе мекемесі ОКА пайдаланушыларын ақпараттық қамтамасыз етеді.
    • Пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
    • «Мақалалар», «Өлкетану» ЭК; Электронды база деректерін енгізу және ұйымдастыру.
    •  Кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан табылу мақсатында, олардың ақпараттық қызметтердегі қажеттіліктерін, әртүрлі қырларын біліп кітапханалық қызмет көрсетудің аймақтық инфрақұрылымдарын анықтау;
    • ҚОК, кітапхана-филиалдарының мақсатты бағдарламаларын жүзеге асыруды ақпараттық қамтамасыз ету;
    • Электронды ресурстарды ұйымдастыру және оған пайдаланушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
    • Өлкетану құжаттарын нөмірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;   
    • Шахтинск ОКЖ сайтында виртуальды анықтама қызметін ұйымдастыру;
    • Корпоративті каталогтау бойынша жұмыс. Деректі мақалалардың аналитикалық базаларын құру бойынша корпоративтік жобаға қатысу . 
    • «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтына «Өлкетану» электронды каталогы мен «Мақалалар» электронды каталогын шығару. 

     

    Штат

     

    АБҚБ штатында - 2 адам

     

    Қызметтері:

     

    Басылым және электрон көздерінен ақпаратты іздеу бойынша кеңестер

     

    • Чаттағы, сайттағы виртуальды анықтама қызметі арқылы, телефонмен пайдаланушылардың сұрақтары бойынша анықтамаларды орындау. 
    • дипломдық, курстық жұмыстардың библиографиялық және тақырыптық тізімдері .
    • Қазақстан және Ресейдің мерзімдік басылымдары бойынша жедел ақпараттар.
    • Мамандарды нақты тақырып бойынша библиографиялық ақпараттандыру.
    • Экскурсиялар өткізу, оқырмандарға арналған кітапханалық-библиографиялық сауаттылық бойынша сабақтар өткізу

     

                        Каталогтар мен картотекалар

     

    Картотекалар мен каталогтарды жандандыру жүйесі,   қорлардың құрамы мен мазмұнын ашады, сондай-ақ кітапхананы пайдаланушылардың сан қырлы,  әр алуан сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік етеді. 

     

                      Оқырмандар қызметіне:         

    •  Электронды каталог (49 300 мыңнан астам библиографиялық жазба)
    • Алфавиттік каталог (карточкалық түрде)
    • "Шахтинск: уақыт, оқиғалар, фактілер" толық мәтінді ДБ
    • Өлкетану библиографиялық көрсеткіштері

    ЖҰМЫС ЕРЕЖЕСІ

    Күнделікті:  10.00 ден 18.00 ге дейін
    Демалыс күні: дүйсенбі

     

    ҚОСЫМША АҚПАРАТ

     

     Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі

    Евсикова  Елена Викторовна

    Ұялы телефоннан қоңырау шалу: +77215654058

     

     

    Қайта оралу

     

     

     

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida