Шахтинск — Қарағанды облысында орналасқан серік-қала. Ол Қарағанды қаласынан 50 шақырым оңтүстік-батыста, Нұра өзенінің тармағы болып табылатын Тентек өзенінің бойында орналасқан.
Шахтинск қаласы 1961 жылы құрылған, шахтер қаласының символын бейнелейтін өзінің елтаңбасы бар. Қаланың аумағы 20 км². Қалалық әкімдік құрамына Шахан, Новодолинский және Долинка атты 3 кент кіреді.
2025 жылдың 1 қаңтарына Шахтинск өңірінің халқы 57 640 адамды құрады. Оның ішінде Шахтинск қаласында – 37 645 адам, ал кенттерде: Шахан – 8 432 адам, Долинка – 4 609 адам және Новодолинский кентінде– 6 282 адам тұрды.
Шахтинск өңіріндегі көмір өндіретін кәсіпорындар – «QARMET» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшелері (шахталар: «Шахтинская», «Казахстанская», «Тентекская», Ленин атындағы шахта).Бұл шахталар қаланың сыртында орналасқан және өңірдің экологиялық жағдайына әсер етпейді.
Сонымен қатар қалада «Құрылысмет» ЖШС кәсіпорны – НОММ зауыты жұмыс істейді, онда шахталарда көмір өндіру кезінде қолданылатын барлық өткел қазатын техникаға жөндеу жүргізіледі. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына шағын және орта бизнес кәсіпорындары өз үлесін қосуда. Олардың негізгі бөлігі сауда-делдалдық салада жұмыс істейді, алайда біртіндеп сауда-делдалдық бағыттан өндірістік салаға қайта бағдарлану үрдісі байқалады. Атап айтқанда, тамақ өнеркәсібі дамып келеді. Бұл салада ет және ет өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және консервілеу бойынша ірі кәсіпорын болып табылатын «Апрель Кулагер» ЖШС жұмыс істейді.
2024/2025 оқу жылының басынан бастап қалада 12 жалпы білім беретін күндізгі мектеп жұмыс істейді, онда 7977 оқушы білім алуда. Сонымен қатар 1 колледж, 8 балабақша және 3 мини-орталық қызмет көрсетеді.
Шахтинск қаласының мемлекеттік мәдениет мекемелерінің желісіне 14 нысан кіреді. Олардың ішінде: «Шахтинск ОКЖ» КММ, 4 клубтық ұйым — «Шахтинск қ.КМС» КМҚК, «Шахан к. МҮ» КМҚК, «Новодолинский к. МҮ» КМҚК, Долинка к. МҮ филиалы; «Барс» КМҚК (қалалық мәдениет және демалыс саябағы мен қалалық стадион), «Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы» КМҚК.
«Шахтинск уақыт, оқиға, дерек» толықмәтінді база деректері
ㅤ
ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ МЕН ШАХТИНСК АЙМАҒЫНЫҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ КІТАПТАР
ㅤ
Өлкетанулық басылымдар
ㅤ
Шахтинск баспасөзде
ㅤ

















































