"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Опрос

    Архив
    Всего голосов: 99

     

     

    Последнее обновление: 10 Июля 2018 12:15, Просмотров (1204), Печать

     

    2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

     

    Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,88 трлн теңгені құрады. Сөйтіп, жыл басынан бері 101,3 млн теңгеге артты. Яғни, өсім 1,3 пайызды құрады.  

    2018 жылдың 1 наурызына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,1 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,61 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 447 мың бірлікті құрады. 

    Ағымдағы жылдың екі айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 134,5 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,83 млрд теңгеге артық.  

    Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 29,4 млрд теңге болды. Сөйтіп, 2018 жылдың өткен айымен салыстырғанда 19,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 66 пайызды құрады. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың ақпаны аралығында 8,3 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,5 пайыз болды.

    2018 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 62,75 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,58 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 61,54 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,98 млрд теңгені құраған.  

    Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.  

    2018 жылдың 1 наурызына қарай зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде хабарлаудың электрондық тәсілін таңдағандардың саны 5 млн адамға жетті. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

    2018 жылдың 1 наурызына қарай ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 1,4 млн бірлікті құрады, яғни жыл басынан бері 14 пайызға өсті. 

    «БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. БЖЗҚ 2017 жылы Қор қызметтерін оның кеңселеріне келмей-ақ  қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық сервистерін іске қосты. Осылайша, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен, Қор сайтының жеке кабинеті арқылы жеке зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш жолдауға, олардың орындалу мәртебесін қадағалауға, сондай-ақ салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер енгізуге және хабарлау тәсілін өзгертуге болады.

    2018 жылдың наурыз айында салымшылар мен алушылар Қордың барлық 18 өңірлік филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде терминал арқылы мынадай қызметтер қолжетімді: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу; жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу; міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтініш беру; жеке деректемелерді өзгерту; берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау. Бұл қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшін салымшыны (алушыны) анықтап танудың екі әдісі қолданылады. Олар: ЖСН және құпия сөз (пароль) немесе жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегі арқылы алу. Одан басқа, таяу уақытта өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында Қор операторынан бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алу қызметі іске қосылады.

    Салымшылар мен алушылар БЖЗҚ-ға өздері келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа өздерін қызықтырған барлық мәселелер бойынша кеңес ала алады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                

      

     

      БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

     

     

     

    БЖЗҚ-тің бес сұрағы (2018 жылғы шілде)

    БЖЗҚ әрдайым байланыста

    Қалың қалай, ЖЗШ?

    Ашық есік күніне ( маусым 2018)

    БЖЗҚ-тің бес сұрағы (2018 жылғы маусым)

    «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

    БЖЗҚ Цифрландыру

    Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары

    Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы (2018 жылғы "28" наурыз)

    Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер туралы: БЖЗҚ-да Ашық есік күні өткізілді

    Мобильдік кеңсе

    Зейнетақының сақталуына мемлекет кепіл

    Зейнетақы төлемдері

    Бес сұрақ қазан_02_2018

    «БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына ақпарат беру туралы

    БЖЗҚ электрондық қызметтері

    Қарттық шақ қазыналы болсын десеңіз...

    2018 жылдың қаңтарына БЖЗҚ туралы 5 сұраным

    Бес сұрақ желтоқсан

    Бес сұрақ қазан

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрметті «БЖЗҚ» АҚ Салымшысы (Алушысы)!

    БЖЗҚ: салымшылар жеке деректемелерінің өзгергендігі жайында БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті

    Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

    Төлемдер – қор жинаудың жемісі

    Жұмыс берушінің жауапкершілігі

    «БЖЗҚ» АҚ-тың проблемалық эмитенттердің жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілген активтерімен жұмысы

    БЖЗҚ-ның жаңа электрондық қызметтері арта түседі

    БЖЗҚ зейнетақы жинақтары бойынша деректерді барынша қолжетімді етеді

    БЖЗҚ-ның 1-ші жартыжылдықтағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қорытындысы

    Зейнетақы жүйесіндегі жаңа қызметтер...

    Ерікті зейнетақы жарналары

    БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңіріндегі салымшыларға қызмет көрсетеді - «Мобильдік агент» жобасы

    Зейнетақы қорында виртуалды қызмет көрсетушілер пайда болды

    «БЖЗҚ» АҚ басшылығы жауап береді...(мамыр 2017 ж.)

    Жинақтарымыздың сақталуы және табысы: БЖЗҚ туралы 5 сауал (сәуірі 2017 ж.)

    БЖЗҚ туралы 5 сауал (наурыз, 2017)

    2017 жылы БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібі мен мөлшері туралы

    Зейнетақы капиталын сақтау және көбейту

    БЖЗҚ зейнетақы төлемдерінің тіркеу және алу тәртібі қатысты ең өзекті мәселелер жауап

    2017 жылғы 1 ақпандағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

    БЖЗҚ-ның әрбір 4-шы салымшысы электрондық хабарлау тәсілін таңдады

     

    БЖЗҚ туралы 5 сұрақ (шілде 2018)

    БЖЗҚ туралы 5 сұрақ (шілде 2017)

    БЖЗҚ туралы 5 сауал    

     БЖЗҚ туралы 5 сауал

     БЖЗҚ туралы 5 сауал

     БЖЗҚ туралы 5 сауал

     БЖЗҚ туралы 5 сауал

     

        

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida