"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Опрос

    Архив
    Всего голосов: 99

     

     

    Последнее обновление: 07 Августа 2017 17:59, Просмотров (454), Печать

                                                                                              Бекітемін:

                                                                                              «Шахтинск қаласының мәдениет және

                                                                                              тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік

                                                                                               мекемесінің бастығы

                                                                                               _______________________С.Ибраева

                                                                                               2016 ж. « »____________________

     

     

    Шахтинск қаласы әкімдігі

    Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

    «Шахтинск қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

    Кітапханаларын пайдалану ережелері

     

    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1.1. Қазақстан Республикасының ақпарат және мәдениет Министрлігінің кітапханалар жүйесін пайдалану ережелеріне, «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ Жарлығына, Қазақстан Республикасының «Шектес құқықтар мен авторлық құқықтар туралы» заңына,  Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңына,  Қазақстан Республикасының Конституциясына «Шахтинск қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапханаларын пайдалану ережелері (әрі қарай- «Шахтинск қаласының ОКЖ» КММ ) сәйкес әзірленген.

    1.2. «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ кітапханалары,  олардың билігінде тұрған ақпараттық ресурстар мен кітапхана қорларын жалпыға пайдалануды ұйымдастырады.

    1.3. «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ кітапханалар қорлары Қазақстан Республикасының коммунальдық-мемлекеттік меншігіне жатады және мемлекеттің қорғауына жатады.

    1.4. «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ кітапханаларына Қазақстан Республикасы азаматтарын экономикалық, рухани және әлеуметтік дамыту мақсатында кітапханалық қорлар мен ақпараттық ресурстарды нәтижелі пайдалануды қамтамасыз ету талап етіледі.

    1.5. «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ кітапханалары- көпшілікке қолжетімді, яғни қорларды пайдалануда барлық азаматтарға  бірдей, шектеусіз қызметтер ұсынылады, сондай-ақ заңды тұлғаларға олардың ұйымдық-құқықтық түрлері  және меншіктік түрлері еркін.  «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ

    қорларына қолжеткізу мүмкіндігі мен оларды ұсыну жағдайлары 

    «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ Жарлығы мен осы Ережелермен белгіленеді.

    1.6. Кітапханалардың қорлары мен қызметтерін пайдалану құқықтары (олардың түрлеріне байланысты ): 

      1) Балалар кітапханалары мен қызмет көрсету бөлімдерінде 5 жастан басталады.

     2) Үлкендер мен жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапханаларында

    15 жастан басталады.

    1.7. «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ кітапханаларының оқу залдарынан мерзімді басылымдар мен басқа да құжаттар үйге берілмейді.

    1.8. Оқу залында пайдалану үшін берілетін құжаттар саны шектеусіз.

     

             2. КІТАПХАНАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ

    2.1. Кітапханаларды пайдаланушылардың құқықтары:

    1) «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ кітапханаларын Шахтинск аумағының барлық тұрғындары, сондай-ақ кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер де пайдаланады.

    2) Кітапханаларды пайдаланудың тегін және төлемді түрлері бар.

    3) «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ барлық құрылымдық бөлімшелерінде бар электрондық және ақпараттық қызметтерді, сондай-ақ  мерзімді басылымдарды уақытша пайдалануға болады.

    4) Жұмыста ЭБД (электронды база деректерінде) бар толықмәтінді құжаттарды келесі түрде пайдаланады: монитор экранынан құжаттарды оқу жолымен,  мақалалар мен кітаптардың электрондық каталогтарын,  авторлық құқықты сақтау аясында, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің келісімімен,  құжаттарды  принтерден шығарып алып пайдалануға болады.

    5) Оқу залынан алыстағы база деректерін пайдалану арқылы ақпараттық ресурстарды алуға болады.

    6) Уақытша тұратын азаматтардың (демалыста, іссапарда, каникулда және т.б. жүргендер)  ОКЖ кітапханаларының қорларын тек оқу залында ғана пайдалануға құқығы бар.

    7) Кітапханалардың анықтама-библиографиялық аппараты жүйесі арқылы кітапхана қорларының құрамы туралы ақпаратты тегін алуға болады.

    8) Ақпарат көздерін таңдау мен іздеуде консультациялық көмек алуға болады.

    9) Қызметтің басқа да түрлерін пайдалануға болады, с. і. пайдаланушының жұмыс станциясындағы (әрі қарай-ПЖС) төлемді- жұмысы, электрондық поштасы, Интернет-қызметтер, құжаттарды көшіргілеу және басқасына «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ «Төлем қызметкерлері туралы» ережелеріне сәйкес ақы төленеді.

    10) Үйге абонементтен уақытша пайдалану үшін мерзімдік басылымдар мен басқа да материалдарды тегін алуға болады.

    11) Үйге абонементтен мерзімдік басылымдар мен басқа да құжаттарды ереже бойынша 30 күнге (балаларға 15 күнге)  және 5 данадан артық емес алады. Құжаттарды мерзімінен көп уақытқа пайдалану керек болса, оны кітапхана тағайындайды.

    12) Абонементте құжаттарды пайдалану мерзімін қатарынан екі реттен артық ұзартпайды,  егер оған басқа да пайдаланушылар тарапынан сұраныс жоқ болса.

    13) Абонементте өзінің оқырмандық формулярына, құжаттың әр данасы үшін  қол қояды. 10 жасқа дейінгі балалар құжатты алғаны үшін қол қоймайды, «Кепілгерлік» ретінде баланың ата-анасы немесе асырап алушысы

    кепілгер болып қол қояды. Кітапты қайтарып әкелген кезде оқырманның қойған қолы кітапханашының қолымен өшіріледі. Формуляр пайдаланушының құжатты тапсыру және кітапханашының қабылдау дерегі мен мерзімі куәландырылып расталатын құжаты ретінде саналады.    

    14) Мерзімдік басылымдардың, кітаптардың жаңа түскені туралы еске  салу үшін SMS-таратулар алады.

    2.2. «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ кітапханаларын пайдаланушылардың міндеттері:

    1) Кітапхана қорынан алған құжаттарға мұқият қарау.

    2) Абонементте кітапхананы пайдаланушыларға тұрғылықты мекен-жайы расталған келесі түрдегі құжаттарды көрсету барысында қызмет көрсетіледі: тұрғылықты мекен-жайы (Азаматты тіркеу кітабы) мен жеке төлқұжаты, ал 14 жасқа дейінгі кәмелеттік жасқа толмағандар –олардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жеке куәліктерін көрсетеді. Көрсетілгендегідей кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілдерінің жеке төлқұжаты, құжат ретінде, осы өкілдердің кепілгерлігі болып пайдаланылуы мүмкін.

    3) Кітапхананы пайдаланушылар абонементке тіркелу барысында, тұрғылықты мекен-жайын растайтын құжаттар мен жеке куәлігін ұсынады.

    4) Пайдаланушыларға абонементтен басқа тұлға үшін басылым алуға немесе қайтаруға рұқсат етілмейді.

    5) Құжатқа белгі қоюға, шимайлауға, жыртуға және беттерін бүктеуге болмайды.

    6) Құжаттарды алу кезінде мұқият қарап және қандай да бір ақау болған жағдайда, ол туралы кітапханашыға хабарлап, құжат формулярына сәйкес белгілер жасатуға міндетті.

    7) Құжаттарды белгіленген мерзімде қайтарады, ал қажеттілігіне қарай өз уақытында мерзімін ұзартуға болады. Егер құжаттар өз уақытында дәлелді себептерсіз қайтарылмаса,  пайдаланушы қарызгер болып саналады.

    8) Құжаттар оқырман формулярына жазылмаған болса кітапхана ғимаратынан шығарылмайды.

    9) Кітапхана абонементтеріндегі және ашық кеңістіктегі кітаптар қорының орналасуын бұзуға болмайды.

    10) ОКЖ мүліктеріне ұқыпты қатынасуға, қоғамдық ережелерді бұзбауға және кішпейілділікпен қатынасуға міндетті.

     

    3. КІТАПХАНАНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК АУМАҚТАҒЫ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

    1) Пайдаланушыға компьютер аумағындағы жұмыс кітапхана қызметкерінің қатысуымен іске асырылады.

    2) Компьютерді қосуды және өшіруді тек қана кітапхана қызметкері істейді.

    3) ПЖС біруақытта екіден артық адам жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

    4)  Белгіленген үздіксіз үзіліссіз жұмыс істеу уақыты 2 сағаттан артық болмауы керек.

    5) Пайдаланушы Интернеттен ақпарат іздеудегі барлық мәселе бойынша кітапхана қызметкеріне айтуға тиісті.

    6) Пайдаланушы ПЖС ішіне және шеткі жабдықтарына, сұйық немесе ұнтақ заттарды түсірмеуге міндетті.

    7) Пайдаланушылар кітапхана қызметкерлерінің, оларды алдын-ала сынақтан өткізгенінен кейін ғана дискілік жинақтаушылықпен жұмыс істейді.

    8) Пайдаланушылар ОКЖ қорларынан кез-келген электрондық құжаттарды таңдауға,  қарауға, сұрауға құқығы бар. 

    9) Пайдаланушыға кітапхана қорының құрамалы бөліміне жататын басқа да электрондық тасымалдаулардан ақпаратты, мақалаларды, құжаттарды шығарып алуға, көшіргілеуге мүмкіндіктер беріледі. Дискілік тасымалдаушыға ақпаратты көшіргілеуге, авторлық құқықты бұзбай, бір ғана данадан және материалдың 1/3 бөлігінен көп емес, белгілі бір көлемде,  бөлім кітапханашысының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

    10) Пайдаланушыларға принтерде материалды шығару қызметі ұсынылады.

    11) Пайдаланушыларға Интернет ресурстарына шамаланған мөлшерде ақы төлеп кіруге рұқсат етілмейді.  

    12) Пайдаланушыға жұмыс компьютерлерін қараусыз қалдыруға,  сондай-ақ компьютердің қорек блоктарын, монитор корпусын, принтерін, сканерін бүлдіруге, қандай да бір орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қол сұғуға, оның орналасуын өзгертуге рұқсат етілмейді.

     

    4. КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ

    1) Кітапхана ережелеріне қосымша  бекітілген келісім-шарттың жазбаша түрімен жұмыс істеу бойынша, пайдаланушы кітапханаға жазылар алдында кітапханаларды пайдалану ережелерімен танысуға тиісті  және оқырман формулярында оның орындалуы туралы өз қолын қойып, артылған  міндетін растайды.

    2) Кітапхананы пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңына сәйкес,  «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ кітапханаларының қорынан шығарма басылымдары мен басқа да құжаттарды жоғалтса, немесе кітапхана қорына зиян келтірген жағдайда кітапханада белгіленген компенсация түрлерімен  және белгілі мөлшерде, зиянын компенсациялауға міндетті. Төленген компенсация сомасы қалалық бюджетке аударылады. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы»  заңының 24 бабы 4 тармақшасы. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде белгіленген жағдайларға байланысты 14 жасқа толмаған тұлғалар және де 14 жастан 18 жасқа дейінгі тұлғалар, құжатқа зиян келтірген немесе жоғалтқан жағдайда, жауапкершілікті олардың заңды өкілдері (ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршысы және қамқорлығына алушысы) өзі міндетіне алады.  

    3) Пайдаланушылар «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ кітапханаларын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін  «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ әкімшілігінде белгіленген мерзімде кітапхананы пайдалану құқығынан айрылуы мүмкін.

    4) Айрықша жағдайда, пайдаланушы кітапхана әкімшілігінің шешімімен осы Ережені және қоғамдық тәртіпті бұзушы болып саналып, қайта қалпына келтірмей-ақ  кітапхананы пайдалану ережесінен айрылуы мүмкін.

     

    5. «ШАХТИНСК Қ. ОКЖ» КММ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ

    5.1. «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ кітапханаларының құқықтары:

    1) 22.01.2016 ж. жағдайға сәйкес қосымшалары мен өзгертулермен

     2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207 Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңына сәйкес қосымша төлем қызметтері енгізіледі және экономикалық қызметпен айналысады.

    2) Қосымша қызметтер мен жұмыстың жекелеген түрлеріне. Олардың төлем мөлшері «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ «Төлем қызметтері туралы» ережелеріндегі белгіленген жағдайларда анықталады.

    3) Кітапханалар қорын пайдалану жағдайы заңды және жеке тұлғалармен («Шахтинск қ. ОКЖ» КММ кітапханаларын пайдалану туралы ережелер»») арнайы келісім-шарт негізінде анықталады.

    4) Кітапхананың оқу залында қарызгерлерге қызмет көрсетілмейді.

    5) Пайдаланушылардың алған құжаттарын кітапханаға өз уақытында қайта әкеп беруін бақылайды.

    6) Жекелеген жағдайда жоғары сұраныстағы құжаттарды пайдалану мерзімі қысқартылады.

    7) Бір дана анықтамалар, сирек және құнды кітаптар, сондай-ақ «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ  басқа да құрылымдық бөлімшелерінен алынған мерзімді басылымдар үйге берілмейді.

    8) Пайдаланушыға құжаттарды кезекті үйге беру кезінде, олардан алдыңғы берілген құжаттарды алады немесе олардың пайдалану мерзімін ұзартады.

    9) Пайдаланушыға құжаттарды пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін, оларды 10 күн ішінде кітапханаға әкеліп беруі туралы телефон арқылы хабарлайды, электрондық пошта немесе SMS- арқылы хабарлама жібереді. Егер құжатты белгіленген мерзімі аяқталған соң кітапханаға әкеліп бермесе, пайдаланушыға оны қайтару немесе екі ай ішінде, мазмұны мен құны сәйкес келетін,  құжаттармен орнын ауыстыру туралы жазбаша түрде талап қойылады.

    5.2. «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ кітапханаларының міндеттері:

    1) «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ Жарлығына және осы Кітапхананы пайдалану ережелеріне сәйкес кітапхананы пайдаланушы үшін кез-келген ақпаратты еркін кеңістікте жеткізуге, әдебиетті таңдауда көмек көрсетуге, құжаттармен жұмыста кеңес беруге, «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ қатысты, электронды және тұрақты тасымалдаушы анықтама-библиографиялық   аппаратының жұмыс жүйесімен таныстыруға міндетті.

    2) Кітапханадағы картотекалар мен каталогтардағы кітаптар қорын өз уақытында және толық көрсету.

    3) Кітапхананың әрбір оқырмандары мен пайдаланушылары үшін, абонемент пен оқу залында сапалы жұмыс жасауға, қолайлы жағдай жасайды.

    4) Кітапханада сақталатын құжаттарды, еркін кеңістікте пайдаланушылардың құқығын шектеуге рұқсат етпейді.

    5) Әрекеттегі заңдарда қарастырылғандағыдай, жағдайларды қоса алғанда, кітапхананы пайдаланушылар туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауды бақылайды.

    6) Пайдаланушыларды кітапхананы пайдалану  ережелерімен өз уақытында таныстырады.

    7) Экономикалық есептер мен шығын  негізінде, өз бетінше төлем қызметтерінің (көшіргілеу, сканерлеу, ақпаратты электронды тасымалдау мен т.б. түрлерде) құнын анықтайды.

    8) Өзінің қорлары мен қызметтерін насихаттайды, пайдаланушының кітаптар мен басқа да дерек көздеріне деген қызығушылығын ынталандырады және дамытады.

    9) Оқу мен ақпараттық мәдениеттің қалыптасуын арттырады.

    10) Кітапхананы пайдаланушыларға қызмет көрсетуде жоғары мәдениетті қамтамасыз етеді, керекті кітаптарды, шығарма басылымдары мен  басқа да материалдарды таңдау кезінде көмек көрсетеді.   

    11) Пайдаланушыға керекті құжат кітапхана қорында жоқ болған жағдайда , оны «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ басқа да кітапханаларынан сұрастырады.

     

     

     

     

    Қайта оралу

     

     

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida