"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Опрос

    Архив
    Всего голосов: 99

     

     

    Последнее обновление: 16 Февраля 2018 11:39, Просмотров (1134), Печать

    Web 2.0 деген ұғымды кітапхана ісіне енгізу кітапхананың мүмкіншіліктеріне жаңа қырынан қарауға және кітапхананы пайдалану объектісі деген түсінікті өзгерте отырып, кітапханашыларға өз оқырманы ақпаратты қайдан   іздесе сол жерден тауып беруге қолғабыс етіп, оқырманын жоғалтпау  мүмкіндігін  берді.

    Инновацияны енгізу кітапханаға ғаламтордан, ойын алаңынан, әлеуметтік желілерден, тіпті музыкалық плеерден оқырман табуға мүмкіндік береді.

    Шахтинск қ. ОКЖ кітапханалары Web 2.0 технологиясын өз жұмысына енгізуге қызу кіріскен.

    «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ өз сайты бар (http://www.shahtinsklib.kz). Сайт кітапхана оқырмандары мен ғаламтор пайдаланушыларын әртүрлі тақырыптар бойынша біздің ақпарат көздерімен таныстырады: Шахтинск қаласының тарихы жайлы, өлкетану,  Қарлаг, ҮИИД, шағын және орта бизнес туралы бірегей материалдармен, мамандықтарға көмек құралдар, бос уақыттағы оқылым, «Шахтёрский маяк» газетінің мұрағаты 1982 жылдан бергі толық мәтінді нөмірлері.

    Сондай-ақ сайттан тақырыптық сценарийлер, мақсатты жобалар мен бағдарламалар, электрондық презентациялар, ОКЖ тұрмысындағы жаңалықтармен танысуға болады. «Қызмет» бөлімінен  Шахтинск қ. ОКЖ жұмысының бағыты туралы ақпарат алып, кітапханашылардың жұмыс тәжірибесімен, ОКЖ жүрілетін байқаулар туралы ақпаратпен және әріптестерімізді қызықтыратын өзге де материалармен таныса аласыз.

    Біздің сайтта библиографқа сауал жолдап,  Виртуалды анықтамалық қызмет арқылы жауап алып, кітап мерзімін online ұзарту мүмкіндігі бар.

    Пайдаланушылар online тәртібінде викторина сұрақтарына жауап беруіне болады: Шахтинск қаласының тарихы туралы (251 қаралым), Конституция күніне (111 қаралым), сөзжұмбақ және т.б. Біздің сайтта Балалар парақшасы да бар, онда әртүрлі жас шамасындағы балалар мен олардың ата-аналары  балаларға арналған жаңа басылымдар туралы ақпарат алуға, сүйікті кітаптарыңыздан суреттеме пазлдар  құрастыруға болады.

    Келер жылы сайтымызды ұялы байланыс қолданушылары үшін қолжетімді етуді жоспарлап отырмыз.

     

     

     

    артқа шегіну

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida