Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 24 Февраля 2024 17:33, Просмотров (4870), Печать

    Мобильді технологиялар бүгінде  заманауи адамның ажырамас бір бөлігіне айналды.  Техникалық базаның дамуы жаңа мобильдік қызметті жасауға арқау болады. Біздің кітапхана осы үдеріске қосылу арқылы, өз келушілеріне жаңа мүмкіндіктер қақпасын ашты.        

     

    Сымсыз ғаламтор қызметін әрбір қалаған адам пайдалана алады – Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханадағы Wi-Fi тегін аймақ, кітапхана-филиал №2  10ºº - 18ºº -ге дейін қолжетімді.

    Тегін сымсыз ғаламтор көзі өз құрылғыңызды (ноутбук, нетбук, айфон, смартфон, планшет және т.б.) пайдалана отырып, оқу залында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

     Wi-Fi тегін аумағы бар басқа орындардан салыстырғанда, кітапханада тыныш, жайлы, ол сізге жұмысыңызға алаңсыз бет бұруға ықпал етеді. Сіз кітапхананың оқу залындағы үстелге жайғасып, электронды пошта жөнелтіп және хат ала аласыз, форумда, әлеуметтік желілерде сөйлесіп, соңғы жаңалықтардан хабардар болуға, кез-келген тақырыпта ақпарат алып, Ғаламторда саяхаттауыңызға болады. Жаныңызға жайлы жерде әлеуметтік желі арқылы достарыңыз бен жақындарыңызға сөйлесіп, өзіңізге қажетті ақпарат алып, телегей-теңіз рақатқа бөленіңіз!

    Осы қызметті пайдалану үшін оқу залының қызметкеріне барып тіркелуіңіз қажет. Ол сізге көмектесіп және қосымша қызметтер (мәтінді басып шығару, СD, DVD, флеш карт және т.б. жазуға)  ұсынады.

     

    Сіздерді мына мекен-жай бойынша күтеміз: Абай даңғылы, 7/1

    (30 квартал, «Универсам» аялдамасы)

     

    кітапхана-филиал №2

    Абай даңғылы 58 үй

     

     Сіздермен жүздесуге әрқашан қуаныштымыз!

     

     

     

    артқа шегіну

     

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida