22 қыркүйек күні №2 кітапхана-филиалында «Қазақстан халықтарының тідер күні» арналған Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің 9 «А» және 9 «Б» сыныптар арасында «Тілдер бейбітшілігі - адамдар бейбітшілігі» атты интеллектуалдық - танымдық ойыны өткізілді.
Іс-шара әр түрлі (қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс және т.б.) тілдерде амандасудан басталды. Сонан соң қонақтар «Қазақстан халықтарының тідер күні» мерекесі туралы, сонымен қатар тіл туралы мәлімет алып, қызықты деректермен танысты.
Ақпараттық сағаттан кейін оқушылар «Білгірлер» және «Тапқырлар» командасына бөлініп, интеллектуалдық ойынға қатысты. Ойын «Сөз тапқанға», «Білімпаздар», «Сен білесің бе?», «Тіл-өнер», «Кім жылдам?», «Ғажайып жетілік» атты 6 кезеңнен құрастырылды.
Командалар тапсырмаларды үш тілде қиындықсыз орындап, кезеңдерден сүрінбей өтті. Балалар терең білімдерін көрсете білді.
Командалар мақтау қағазбен мараппаталды.
Іс-шараға қатысты «Язык есть исповедь народа» атты кітап көрмесі және ұлттық бас киімдер көрмесі ұйымдастырылды.
Интеллектуалдық - танымдық ойын еркін, жайлы атмосферада және жақсы көңіл-күйде өтті.