"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Последнее обновление: 28 Октября 2016 12:32, Просмотров (1457), Печать

     

     

     

     

    ҚР ҰАК «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұсынылатын жыл кітабын таңдау мақсатында акцияның ұйымдастыру комитеті мүшелері мен Қазақстан кітапханалары басшыларының қатысуымен кеңейтілген отырыс болып өтті. Белгілі ақын-жазушылар мен ғалымдардан тұратын комиссия мүшелерінің жабық түрде дауыс беруімен акцияның жыл кітабы болып ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі, «Зар заман әдебиеті» өкілдерінің көш басында тұрған кемел ақын Дулат Бабатайұлының шығармалары таңдалды.

    Халқымыздың маңдайына біткен санаулы ұлы ақындарының бірі — Дулат Бабатайұлы, бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Қызылжолда деген атамекенінде 1802 жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау, Сандықтас. 1871 жылы атамекенінде қайтыс болған.

    Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын боған.
    XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені, ол өзінің толғау-жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманынының шындығын бірқыдыру бере білді.

     

    Жеке кісілерге арнаған «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға» т. б. өлеңдерінде ақын сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтере білді.
     

    Дулаттың өлеңдері ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиет нама» деген атпен кітап болып шыкты. Бұнда ақынның замана туралы толғаулары енгізілген. Ақынның шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге жеткізген халық ақыны — Шәкір Әбенов.
    Ол — Патшалық Ресейдің казақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу, халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелділікке айналдыру әрекетіне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын.

     

     

     Дулат Бабатайұлы өмірімен шығармалары Өмірбаяны

    Оқимыз Дулат Бабатайұлы "Дулат Жырау өлеңдері"

    2016 жылғы «Бір ел-бір кітап» акциясы ақын Дулат Бабатайұлына және оның «Өсиетнама»-кітабына арналған

     

     

     

     

     

     

    қайта оралу

     

     

     

     

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida