Последнее обновление: 25 Января 2024 10:55, Просмотров (5006), Печать
2021 жылдың ақпан айынан бастап Бұқар Жырау атындағы Орталық қалалық кітапханада «Парасат жолы» орталығы жұмыс істейді. Орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бірлескен жобасы болып табылады. Келісім аясында еліміздің кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтарын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Кітапханалар парасаттылық идеологиясын дамытуда және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда өзіндік орталықтар болуға тиіс. «Парасат жолы» жобасын ілгерілету үшін базалық платформа ретінде кітапханаларды таңдау кездейсоқ емес, өйткені білім мен даналық кітаптарды береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы әдебиеттер
«Парасат жолы» жобасы аясындағы іс-шаралар жоспары