Последнее обновление: 05 Марта 2024 09:36, Просмотров (1194), Печать
Тарихи анықтама: «Шахтинск қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ 1976 жылдың сәуірінде Қаз КСР Мәдениет министрлігінің кітапханалар базасында, Қарағанды облысы Шахтинск қаласының қалалық атқару комитетінің шешімімен құрылған.
2012 жылғы наурыздан бастап орталықтандырылған кітапхана жүйесін: Калинина Ирина Алексеевна басқарып келеді.
Телефон/Факс: 8 (721-56) 5-51-59,
E-mail:shahtinsk_cbs@rambler.ru
Web-сайт: shahtinsklib.kz
Instagram: https://www.instagram.com/kgushakhtinskaiacbs/
Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 2021 жылы 45 жыл толады. Алыс қашықтықтағы оқырмандармен және интернет пайдаланушылармен өзара әрекет үшін кітап оқу мерзімін ұзарту, on-line оқу, виртуалды анықтама беру, JivoSite чаты сияқты бірқатар on-line қызметтер ұсынымы қолжетімді болды.
Кітапхана сайтында, (https://shahtinsklib.kz), блогтарда, әлеуметтік желілер парақшасында (Facebook, Instagram, YouTube, ВКонтакте және т.б.) кітапханалар өз қорлары туралы ашық мәлімет беріп, пайдаланушылардың сұрақтарына жауап қайтарады, жеке қызмет көрсетеді, online іс-шаралар өткізеді.
Әртүрлі деңгейдегі кітапханалардың ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерінің бірі- қорларды сандық форматқа көшіру болып табылады, соған байланысты Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері өте қысқа мерзімде кітаптарды цифрландыруға мүмкіндік беретін планетарлық сканерді пайдалануға көшті.
Жүйе жылына 25833 оқырманға қызмет көрсетеді.
ОКЖ кітап қоры 298,5 мың дана (баспа басылымы мен аудиовизуалдық материалдардың бірлігі).
Жыл сайынғы кітап беру – 569,0 мың дана.
Қазірігі уақытта ОКЖ 44 маман жұмыс істейді.
Кітапханалық жоғары білімді – 19 адам, орта арнайы білімді – 22 адам, басқадай білімі барлар – 3 адам.
ҚҰРЫЛЫМ: «Шахтинск қ. ОКЖ» КММ 8 кітапхананы біріктіреді
Кітапхана туралы бұқаралық ақпарат құралдарында