Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 18 Февраля 2023 10:06, Просмотров (3186), Печать

    Долинка кентінде бүгінгі күнге дейін өткен ғасырдағы қуғын-сүргін жылдарын еске түсіретін бірнеше ескерткіштер сақталған.

     

     

    Олардың арасында 1933 -1935 жылдары тұтқындар қолымен салынған Қарлаг ІІХК (НКВД)  басқармасының ғимараты бар. Екі қабат грек-рим үлгісінде алынған колонналарымен, ұлы көрініс келтіретіп, ол Қарлаг жабылғаннан кейін де ұзақ қызмет етті. Оның жалпы ауданы 3500 шаршы м.(кең жертөлелерін қоспағанда). 1961 жылдан бастап оған он жыл бойы ауылшаруашылық техникумы орналасты. 1971 жылдан бастап 90-жылдардың басына дейін ғимаратта «Бригантина» балалар санаторийы орналасты. Кейін ол кеншілерге демалыс үйін ашуды жоспарлаған «Карагандауголь» бірлестігінің балансына берді. Кәсіпорын қызметін тоқтатқаннан кейін ғимарат сатылымға қойылды. 2000 жылы оған Қарағанды облыстық ҚАЖБК (УКУИС) басқармасы орналасып, төрт жыл өткеннен кейін ҚР юстиция Министрлігінің балансына берілді. Ақырында, 2006 жылы ол «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы»  ҚМКК Қар. Облыстық мәдениет басқармасы балансына өтті, сонымен қатар мәдени және тарихи ескерткіштердің тізіміне енгізілді. Жөндеуден өткеннен соң, мұнда «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу мұражайы» орналасты.

     

     

    1941 жылы тұтқындағылар салған жалданбалы қызметкерлерге арналған саманнан салынған ауруханада, қазір поликлиника, жедел жәрдем станциясы, клуб, жастар орталығы мен аурухана орналасқан.

     

     

    Екі жыл кейін салынған Техникалар үйі ғимараты. Онда концерттер, жиналыстар, соңында Қарлаг жүйесінің конференциялары өткізілді. 1974 жылдан бастап ол Абай ауданының электр торабына иелігінде. Қарлаг кезіндегі ең ескі ғимараттардың бірі аурухана орналасқан. Оны1927 жылы Ресейден келген жер аударылғандар салған. Алдымен онда әскери адамдар емделді. Кейін балабақша етуге берілді. Қазір бұл ғимаратта кент әкімшілігі орналасқан.

     

     

    Революцияға дейінгі уақыттан бастап Долинкаға әдеттегіден тыс ХIХ ғасырдағы ресейлік провинцияға тән стильде «Дом английскогопромышленника»сақталды: ағаштан қашап жасалған терезе жақтаулары, берік фундамент және биік төбе.

     

     

    Долинкада өзіндік лагерлік тарихы бар көптеген мемориалды жерлер мен объектілер сақталған. Оған ұзын, барақ тәрізді немесе екі жақты құламалы шатыры бар доғал үйлер де, аласа қолдан жасалған балшық үйлер немесе бұрынғы маңызды ғимараттардың қираған үйінділер де жатады. Сол уақыттағы адамдар қолдан келгенше барлығынан үй тұрғызуға тырысты. Оған бұрынғы әйелдер барақтары( олар 10-ға жуық), күзетшілерге арналған фронты бар үйлер(6), лагерь басшыларына арналған кіреберісінде діңмаңдайшалары бар үйлер(5), перзентхана, ҚарЛАГ ІІХК (НКВД) типографиясы, көрме Павильоны(Техникалар үйі, қазірде Абай электрожелі компаниясы орналасқан).

     

     

    Долинкадан «Сталиндік неоклассицизм» стильіндегі біршама ғимараттарды көруге болады. Оларда грек-рим архитектурасының кескіні басым болып келеді: колонналар, төрт қырлы тіреу, фронтондар және дөрекі қашау. Оған генералдық және офицерлік үйлер, Орталық ІІХК (НКВД)  клубы (қазірде қираған үйінді), «П» әріпі түріндегі өкілдік ауруханалар ғимараттары, ҚарЛАГ-тың ескі басқару ғимараты жатады. Фасд алдындағы фонтаны бар ИТЛ Басқарудың жанындағы парк территориясы да назар аудартады. Дәл осы жерде өз кезінде «барша халық көсемі» И.В. Сталиннің ескерткіші тұрған. Осы ғимараттың сатыларының алдында, демалыс күндері бұрында астаналық театрлар мен филармонияларда қызмет еткен, тұтқын-музыканттардан тұратын, үрмелі аспаптар оркестірі ойнайтын би алаңы жұмыс істеген.

     

     

    Долинкадағы барлық дерлік үйлер саманнан тұрғызылған. Тек үлкен кинозалы мен кітапханасы бар клуб, электростанция және лагерьді басқаратын екі қабатты үй кірпіштен жасалды. Ұзын бір қабатты мектеп үшінші көшеде орналасты- дәл сондай ұзындықтағы айдауға жөнелтетін аралық орын болған Қарабастағы жеке лагерьден келген балаларға арналған интернат қасында орналасты.

     

     

    қайта оралу

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida