Последнее обновление: 04 Апреля 2023 14:54, Просмотров (1394), Печать
Жасөспірімдер кітабы және авторлық құқық апталығына арналған
"Қайта жаңғырған кітап" қалалық буктрейлер байқауының
Ережесі
Жалпы ережелер
1.1 Жасөспірімдер кітабы және авторлық құқық апталығына арналған "Қайта жаңғырған кітап" буктрейлер байқауы.
1.2 Осы буктрейлер байқауын өткізу туралы ереже (бұдан әрі ереже) мақсаттар мен міндеттерді белгілейді, конкурсты ұйымдастырушылар мен қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
2.1 Бейнемонтаждау дағдыларын меңгерген талантты жастарды анықтау, қолдау және ынталандыру.
2.2 Кітап және оны оқуды Шахтинск қаласының тұрғындары арасында буктрейлерлер құру арқылы насихаттау.
2.3 Кітаптың және оны оқудың тартымды бейнесі мен имиджін жасау.
2.4 Қалада кітап пен оны оқуды насихаттау үшін жаңа ақпараттық ресурстар құру.
2.5 Жастарды оқуға тартудың шығармашылық нысандарын қолдау.
3. Байқауға қатысушылар
3.1. Байқауға Шахтинск өңірінің 14-35 жас аралығындағы жастары қатыса алады.
3.2 Байқауға кәсіби және әуесқойлық бейнетүсірілім мен монтаждау дағдылары бар Шахтинск қаласының тұрғындары қатыса алады.
Қатысу мерзімі мен тәртібі
Өткізу мерзімі: 2023 жылдың 1 сәуірінен 21 сәуіріне дейін.
4.1 Шығармашылық жұмыстарды қабылдау, байқауға қатысушыларды тіркеу жұмыстары 2023 жылдың 1 сәуірінен 17 сәуіріне дейін.
4.2 @kgushakhtinskaiacbs Instagram әлеуметтік желісінде байқауға қатысатын жұмыстарды жүктеу 18 сәуір 2023 ж.
4.3 Instagram @kgushakhtinskaiacbs әлеуметтік желісінде буктрейлерді орналастырған сәттен бастап 2023 жылдың 19 сәуірінен сағат 15:00-ге дейін ашық онлайн дауыс беру басталады.
4.4 Байқаудың қорытындысын шығару 2023 жылдың 20 сәуірі.
4.5 Байқау жеңімпаздарын марапаттау 2023 жылдың 21 сәуірі.
Байқауға қатысушылардың өнер көрсетуін бағалау жүйесі
5.1 Қатысушылардың өнер көрсетуін бағалау Instagram @kgushakhtinskaiacbs әлеуметтік желісіндегі жарияланымның лайк саны бойынша жүргізіледі.
5.2 Бағалау критерийлері:
- байқаудың тақырыбы мен мақсатына сәйкестігі;
- буктрейлер атауы;
- бейнероликтің шығармашылығы (идеяның жаңалығы, өзіндік ерекшелігі);
- бейне сапасы.
Байқаулық жұмыстарға қойылатын талаптар:
- Байқауға қатысуға ұзақтығы 3-5 минут болатын mp4 (16:9) форматындағы шығармашылық жұмыстар қабылданады.
- Жұмыстар үшінші тұлғалардың авторлық құқығын бұзбауы тиіс.
Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
6.1 Байқаулық жұмыс 1 данада;
6.2 Байқауға қатысуға өтінімнің толтырылған нысаны:
Жұмыстың атауы |
А.Ж.Т. |
Байланыс телефоны |
|
|
|
6.3 Жұмыстар қабылданады:
- Бұқар Жырау атындағы Орталық қалалық кітапханасының мекенжайы Шахтинск қаласы, Абай даңғылы 7/1 бойынша кез келген флэш-тасығышта;
- электрондық поштаға: otdelobsluzhivaniya@list.ru электрондық поштасы арқылы жіберген кезде "тақырып " жолында"буктрейлер конкурсы" деген белгі қою қажет.
7. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
7.1 Жұмыстарды бағалауды байқаудың қазылар алқасы жүзеге асырады:
7.2 Қазылар алқасы өз қызметінде осы Ережені басшылыққа алады және жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
- тақырыпты ашудың толықтығы мен тереңдігі;
- өзіндік ерекшелігі;
- жұмысты техникалық іске асыру.
7.3 Қазылар алқасы байқау талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды қарастырмауға құқылы.
7.4 Қазылар алқасы @kgushakhtinskaiacbs кітапханасының Instagram желісіндегі лайктар бойынша дауыс беру арқылы байқау жеңімпаздарын анықтайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады.
8. Конкурсқа қатысушыларды марапаттау және көтермелеу тәртібі
- Байқау қорытындысы байқау жеңімпаздарының тұсаукесер кешінде жарияланады.
- Байқау жеңімпаздары үш номинация бойынша жеңімпаздар Дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
- Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша ең қызықты жұмыстар алғыс хаттармен марапатталады.
- Байқауға қатысушылардың барлық бейнероликтері @kgushakhtinskaiacbs Орталық қалалық кітапханасының Instagram желісінде ұсынылады.
- Мазмұны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін не жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келмейтін материал жарияланбайды және байқауға қатыспайды.
9. "Шахтинск ОКЖ" КММ әлеуметтік желілерде буктрейлерлерді орналастыру және іс-шараларда пайдалану құқығын өзіне қалдырады.
Конкурсқа қатысу шарттары бойынша консультациялар:
тел. 8(72156) 5-40-58, e-mail: otdelobsluzhivaniya@list.ru