Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 13 Сентября 2024 16:30, Просмотров (301), Печать

     

    1. Жалпы ережелер

    1.1 «Бердібек Соқпақбаевпен Балалық шаққа саяхат» акциясы (бұдан әрі – Акция) Б. Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орайластырылған.

    1.2 Акцияны ұйымдастырушы-Бұқар Жырау атындағы Орталық қалалық кітапхананың кітапханаларды дамыту және кітапхана жұмысы бөлімі (бұдан әрі-ұйымдастырушы);

    1.3 Осы ереже акцияны өткізудің мақсатын, міндеттерін, шарттары мен мерзімдерін айқындайды.

    1.4 Акция 10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар арасында өткізіледі.

    2. Акцияның Мақсаты

    2.1 Өскелең ұрпақты Б. Соқпақбаевтың әдеби мұрасына баулу, Қазақстандық балалар жазушыларының шығармашылығын дәріптеу, балалардың назарын кітап пен оқуға аудару

    3. Акцияның Міндеттері

    3.1 Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.

    3.2 Балаларға қызмет көрсететін кітапханалардың оқуды қолдау мен насихаттаудағы күш-жігерін біріктіру.

    3.3 Қазақстандық жазушылардың кітаптарын балалар ортасына жылжыту бойынша кітапханалардың жұмысын жандандыру.

    4.  Акцияны өткізу шарттары, мерзімдері және тәртібі

    4.1. Акцияға балалар халқына қызмет көрсететін кез келген кітапхана қатыса алады.

    4.2. Бағытталған аудитория - 10 жастан 14 жасқа дейін.

    4.3 Акция өтеді  2024ж. 10-15 қазан аралығында

    Бұл күндері қатысушылар өз алаңдарында акция шеңберінде іс-шаралар ұйымдастырып өткізеді: әдебиеттерді қарау, дауыстап оқулар, портрет- кештер, челлендждер, Б. Соқпақбаевтың бейімделген шығармаларын қарау және т. б.

    5. Акцияны қорытындылау

    5.1.  2024 жылғы 16-23 қазан аралығында акцияға қатысушы ұйымдастырушыға «Бердібек Соқпақбаевпен Балалық шаққа саяхат» акциясына қатысушының электрондық мекенжайға жіберілген қорытынды сауалнамасын толтыру арқылы атқарылған жұмыстар туралы хабарлайды: orbibr@rambler.ru (№1 қосымша).

    5.2. Дипломды Қорытынды сауалнаманы (қосымшаны) толтырған акцияға қатысушы алады

    5.3. Акцияға қатысушылардың дипломдары бір ай ішінде қорытынды сауалнамада көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде жіберіледі.

    5.4. Акция қорытындылары туралы ақпарат «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтында орналастырылады

                                            Ұйымдастырушының Байланыс ақпараты:

     

    Байланыс телефоны: 8(72156)54058

    Электрондық поштаның мекенжайы: orbibr@rambler.ru

    Орналасқан жері: 101601, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Абай даңғылы, 7/1, Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхана

                                                                              

                                                                        №1 қосымша

     

    «Бердібек Соқпақбаевпен Балалық шаққа саяхат»

     акциясына қатысушы кітапхананың қорытынды сауалнамасы

     

    Акцияға қатысушы кітапхананың толық атауы.

    __________________________________________________________________

    1. Акцияға қатысушылар саны _______________________________________
    2. Акция аясында оқылған және талқыланған М. Соқпақбаев шығармасының (шығармаларының) атаулары ________________________________________

    __________________________________________________________________

    4.  Өткізілген іс-шаралар туралы қысқаша есеп          ___________________________________________________________________   

              ___________________________________________________________________

    5.    Фото және бейнематериалдар есебіне қосымша

     6. Байланыс ақпараты (дипломды кейіннен жіберу үшін электрондық пошта мекенжайын көрсету)             _________________________________________________________________

     

     

      қайта оралу

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida