Последнее обновление: 28 Января 2023 10:37, Просмотров (1785), Печать
(Шахтинск ОКЖ КММ кадрлармен жұмыс жөніндегі бағдарлама)
Мәселе: кадрлардың жетіспеушілігі қазіргі кітапханалар үшін үлкен проблемаға айналуда. Шахтинск ОКЖ КММ кадрлық мәселелері маңызды міндеттерді шешу мүмкіндіктеріне теріс әсер етеді. Кітапхана қорларының сапасын және кітапханалардың ресурстық-ақпараттық әлеуетін арттыру, барлық пайдаланушыларға әлеуметтік маңызы бар ақпарат пен білімге, мәдени құндылықтар мен әлемдік ақпараттық ресурстарға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау, кітапханаларға деген сұранысты және олардың жалпыға қолжетімді ақпараттық, білім беру және мәдени - демалыс орталықтарының мәртебесін арттыру білікті кадрларсыз мүмкін емес. Кітапханалар мен олардың пайдаланушыларына тек мамандар ғана емес, тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын жаңа формациядағы кітапханашылар қажет.
Кезең: 2022-2025ж.ж.
Мақсаты: Шахтинск ОКЖ КММ кітапханаларында білікті кадрларды іздеу, тарту, оқыту және ұстау.
Талаптар:
2023 жылға іс-шаралар өткізу жоспары
№п/п |
Атауы |
Мерзімі |
1 |
Кітапхананың белсенді оқырмандары арасындағы жұмыс- "Кітапхана көмекшілері" топтарын қалыптастыру - мамандыққа деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатында Кітапханаға белсенді оқырмандарды тарту |
I-IV тоқ. |
2 |
"Шахтинск қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-мен жұмыс |
I-IV тоқ. |
3 |
Қызметкерлердің біліктілік кәсіби деңгейін арттыру - "Е-learning біліктілігін арттыру" бағдарламасы бойынша жұмыс - платформада тапсырмаларды орындау - жұмыстан қол үзбей жоғары және орта-арнайы кітапхана білімін алу үшін жағдайлар жасау (көрсету әдісі. көмек көрсету, техникалық жабдықтар беру) -орта арнаулы және жоғары оқу орындарына түсу шарттары туралы қызметкерлерді хабардар ету |
I-IV тоқ. |
4 |
Кадрларды іріктеу бойынша арнайы интернет сервистерде жұмыс істеу |
I-IV тоқ. |
5 |
Ішкі кадр резервін қалыптастыру: |
I-IV тоқ. |
|
- перспективалы қызметкерлерді анықтау |
I тоқ. |
|
- әрбір үміткер үшін жеке кәсіби өсу жоспары — бастапқы дайындық деңгейіне, тәжірибесіне, біліміне байланысты |
I тоқ. |
|
- таңдалған қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілік деңгейін арттыру |
I-IV тоқ. |
|
- ауыстыру тәжірибесі |
I-IV тоқ. |
|
- үміткерлердің әрқайсысының даму динамикасын қадағалау және талдау |
I-IV тоқ. |