Нашар көретіндерге арналған
Wap версия сайта

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 22 Сентября 2020 17:57, Просмотров (161), Печать

     «Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

     

    «Оқу уақыты - 2020» акциясын

    ұйымдастыру және өткізу туралы ЕРЕЖЕ

     

     

    1. Жалпы ережелер

    1.1. «Оқу уақыты» акциясы (бұдан әрі-Акция) оқуға ынталандыру және тарту мақсатында өткізіледі;

    1.2. Акцияны ұйымдастырушы «Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ;

    1.3. Акция Мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен, жалпы білім беретін мектептермен, колледждермен, кәсіпорындармен және ұйымдармен бірлесіп өткізіледі;

    1.4. Осы ереже акцияның мақсатын, міндеттерін, шарттары мен мерзімін анықтайды.

    2. Акцияның мақсаты мен міндеттері

    2.1. Акцияның мақсаты - Шахтинск өңірінің халқын қазақ әдебиетін оқуға тарту;

    2.2 Акцияның міндеттері:

    2.2.1. Шахтинск аймағының халқын белсенді оқырман қызметіне тарту;

    2.2.2. Оқуды отбасылық бос уақытты өткізудің бір түрі ретінде танымал ету. 

     

    3. Акцияға қатысушылар

    3.1. Акцияға жасына қарамастан барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

     

    4. Акцияны өткізу мерзімі

    4.1 Акция 2020 жылдың 20 тамызы мен 5 қазан аралығында өткізіледі.

     

    5. Акцияны өткізу шарттары мен тәртібі

    5.1. Акция үш кезеңде өтеді:

     

    5.2. Бірінші кезең (дайындық):

    2020 жылғы 20 тамыздан бастап:

    • Акцияны ұйымдастырушы «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтындаhttp://shahtinsklib.kz/ «Акциялар, конкурстар» бөлімінде, ал Шахтинск ОКЖ құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік желілерде «Мой мир», «Одноклассники», «ВКонтакте», «Instaqram», «Facebook» парақшаларында Акцияны өткізуге көмек көрсету үшін материалдар дайындайды және орналастырады
    • Акция ұйымдастырушысы оқуға арналған әдебиеттер тізімін ұсынады, ал қатысушы дауыстап оқуға арналған шығарманы таңдайды.

     

    5.3. Екінші кезең 2020 жылдың 22 қыркүйек күні өтеді:

    • 2020 жылдың 22 қыркүйегінде Акцияға қатысушы барлық мекемелерде бір мезгілде қазақтың үздік әдеби шығармалары дауыстап оқылады (қосымша).

     

    5.4. Үшінші кезең 2020 жылдың 23 қыркүйегі мен 5 қазан аралығында өтеді:

    • Акция өткізілгеннен кейін қатысушы ұйымдастырушыларға атқарылған жұмыс туралы хабарлайды (мәтіндік есеп);
    • өткен Акцияның фотосуреттері orbibr@rambler.ru электрондық пошта арқылы қабылданады;
    • егер Акцияға қатысушының әлеуметтік желілерде аккаунты/блогы/группасы/бірлестігі  болса, онда ол Акция туралы ақпаратты хэштегтерді пайдалана отырып орналастыра алады: #шахтинсккітапханалары, #оқууақыты-2020 #қазақәдебиеті. Қатысушы Акция хэштегтерімен қатар өзінің хэштегтерін де пайдалана алады.

     

    5.5. Ұйымдастырушы Акция барысы туралы ақпараттандыруды жүзеге асырады.

    6. Акцияны қорытындылау

    6.1. Акция қорытындыларын ұйымдастырушы қатысушылардан жіберілген есептер материалдары бойынша шығарады;

    6.2. Дипломды Акцияны өткізу туралы есепті электрондық есеп беру түрінде ұсынған, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес фотосуреттер ұсынған қатысушы алады;

    6.3. Акция қорытындысы туралы ақпарат БАҚ-та, «Мой мир», «Одноклассники»,»ВКонтакте», «Instaqram» әлеуметтік желісінде және ұйымдастырушының ресми сайтында орналастырылады: http://shahtinsklib.kz/.

     

     

    Балалар кітапханаларына арналған кітаптар тізімі

    Бұқаралық кітапханаларға арналған кітаптар тізімі

     

    Список книг для детских библиотек

     

    Список книг для массовых библиотек

     

    "Оқу уақыты" акциясы - «Сырсандық және Алтын қазына» (№12 филиал-балалар кітапханасы)

     

     

     

    Акция ұйымдастырушыларының байланыс ақпараты:

    «Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

    Шахтинск қаласы, Абай даңғылы, 7/1

    Кітапхана және кітапхана жұмысын дамыту бөлімі

    тел. 8 (72156) 5-40-58

     

    қайта оралу

    Новости

    2005-2020 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida