Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 24 Сентября 2024 16:33, Просмотров (1796), Печать

    Тарихи анықтама

    № 11 кітапхана – филиалының ерекшелігі - ол әлемге әйгілі КарЛАГтың орталығы-Долинка кентінде орналасқан. Оның қорларында өлкетану, КарЛАГ тарихы бойынша бірегей материалдар жинақталған, «КарЛАГ әйелдері», «Карлаг балалары» және т.б. жинақтауыш-қалталар қалыптастырылған, Кітапхана ресми түрде 1965 жылы ұйымдастырылған, бірақ КарЛАГ заманында жұмыс істеген.  Оны педагог және кітапханашы Голубева Алина Антоновна ұйымдастырды. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайын ұйымдастырғанға дейін кітапханада «Кітапхана – кенттің тарихи жады орталығы" бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілді, қызметкерлер кенттің, КарЛАГтың тарихы бойынша материал жинады. 2009 жылы кітапхана «моделдік» мәртебесін алды.

     

    ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

    • Пайдаланушыларға жеке және жаппай қызмет көрсету;
    • Көрмелер және әдебиеттерге шолу, соның ішінде виртуалды шолу арқылы қорды тақырыптық ашу;
    • Жаңа технологияларды дамыту арқылы пайдаланушыларға кең ақпараттық кеңістік ұсыну;
    • Пайдаланушылардың бос уақытын ұйымдастыру;
    • Кітапханалық қызмет көрсету аясын кеңейту, кітапхананы техникалық жабдықтау, кітапханалық-ақпараттық үдерістерді компьютерлендіру негізінде олардың сапасын арттыру;
    • Жобалау қызметі.

     

    ҚҰРЫЛЫМЫ
    Моделді қалалық кітапхананың құрылымына абонемент, балаларға қызмет көрсететін оқу залы және интернет, WI - FI желісіне қолжетімділігі бар пайдаланушының автоматтандырылған жұмыс орны кіреді.


    Штат
    Қызметкерлер штатында 2 адам


    Қоры

    Кітапхана қоры әмбебап және 16546 дана кітап пен 1862 дана мерзімді басылымнан тұрады, мемлекеттік тілде - 4059 дана.

     

    ҚЫЗМЕТТЕР

    • пайдаланушыларға анықтамалық, ақпараттық және консультациялық қызмет көрсету
    • құжаттарды пайдаланушыларға үйде уақытша пайдалануға беру
    • мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу
    • интернет-ресурстардың көмегімен, кітапхана қорынан, электрондық каталог арқылы құжаттарды іздеу
    • жеке өзі немесе телефон арқылы жүгінген кезде құжаттарды пайдалануды ұзарту

     

    Әуесқойлық бірлестігі

     

    «Салауатты өмір салты» клубы

    Оқырмандардың кең аумағы

    «Балабақшадан кітапханаға» бағдарлама

    мектеп жасына дейінгі балалар

     

    ЖҰМЫС ТӘРТІБІ


    Күн сайын:  1000 –нан бастап 1800 -ге дейін

    Демалыс күні: дүйсенбі

     

    БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ


    №11 кітапхана-филиалының меңгерушісі:
     

     

    Телефон: 8(721 56) 5-82-05

    Ұялы телефон арқылы байланыс+77751121137

    E-mail: cbsfil11@rambler.ru


    101601, Қазақстан Республикасы, Қарағанды обл., Шахтинск қ.,

    Долинка кенті Школьная көшесі, 15 («Арман»  ғимаратында)

     

     

     

    қайта оралу

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida